Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұрсұлтан Назарбаев Әшімбаевтың тағайындалуына қатысты пікір білдірді

 Елбасы “Нұр Отан” партиясының алдында тұрған қазіргі міндеттерге ерекше назар аударды.

“Нұр Отан” партиясы мемлекет саясатын айқындайтын маңызды саяси күшке айналды. Партия барлық бағдарламаларымызды іске асыруға атсалысып келеді”, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы жүргізіліп, олардың іске асырылуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдеу қажеттігін айтты.

“Егер біз әлемдік дамудан қалып қоймаймыз десек, онда алға ұмтылуымыз қажет. Сол себепті биылғы Жолдау осы реформаларды орындауға бағытталған. Бұған дейінгі барлық бағдарламаларымыз осыған арналған болатын. Мәселе олардың қалай жұмыс істеуінде. Біз экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындар құруымыз қажет”, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асырудың өзектілігін атап өтті.

Соңында Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру ісіндегі партияның белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды.

“Облыстарда партия ұйымдары бар. Олар белгіленген міндеттерді іске асыруда белсенді болуға тиіс”, – деді Қазақстан Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз