Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұл тағайындауға дейін Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болған еді.
Институтты бітіргеннен кейін, еңбек жолын Шилісай фосфорит кенінде ауысым шебері болып бастаған.
1989 – 2009 жылдар аралығында Ақтөбе және Атырау, Астана қалаларындағы мекемелерде және мемлекеттік органдарда әр түрлі лауазымдарда болған.
2009 жылы желтоқсаннан 2011 жылы шілде аралығында Өндіріс Комитеті өкілі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2011 жылы шілдеден бастап – Ақтөбе қаласының әкімі.
2012 жылы ақпанынан бастап – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2014 жылы 20 маусымынан бастап – Қарағанды облысының әкімі болды.