Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Нұрлы жер” тұрғын үйлерін “7-20-25” арқылы алғандағы ай сайынғы төлем аталды

290
fxmag.pl

“Баспана” ипотекалық мекемесі “Нұрлы жер” бағдарламасы үшін ай сайынғы төленетін ақша мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“7-20-25” бағдарламасы бойынша адамдар баспананы құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдайды, ал баспаналардың сипаттамалары туралы мәліметті жергілікті әкімдік өкілдерінен сұрау керек.

Бірақ оған өзгерістер енгізіліп, жыл басынан бері “Нұрлы жер” бағдарламасынан үй алуға “7-20-25” бағдарламасының қатысушылары да мүмкіндік алды.

Қатысушыларға соңғы бес жылда баспана және қордың болмау шарттары қойылмаған. Ережеге сәйкес, әкімдік өкілдері пайдаланып жатқан тұрғын үйлерді өздерінің сайты арқылы жариялап отырады.

2019 жылғы несиеге берілетін баспаналардың салыну жобасы (Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мәліметі бойынша)

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша пәтердің ауданы 80 шаршы метрден аспауы қажет. Ауданның ауытқуы 5 пайыздан аспауы керек. Осыған орай, 1-2-3 бөлмелі пәтерлер салынады.  Мекеме өкілдері “7-20-25” бағдарламасы бойынша әкімдік арқылы алынған пәтерлердің ай сайынғы болжамды төлемін жариялады.

“Баспана” өкілдерінің мәліметінше, “7-20-25” бағдарламасы “Нұрлы жер” арқылы үй алуға үлкен мүмкіндік береді. Ол үшін әкімдікте кезекке тұрып немесе депозитке жинақтаудың қажеті жоқ. “7-20-25” бағдарламасының қатысушысы болу үшін банк-қатысушаға пәтер құнының 20 пайызын төлеу қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз