Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салуға Ұлттық қордан қаржы бөлінді

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша (жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру) құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау үшін Ұлттық қордан тағы 11 млрд теңге бөлінді. «Екінші деңгейлі банктер (Сбербанк, АТФ банк, БанкЦентрКредит, Тенгрибанк, Цеснабанк, Нұрбанк, Евразиялық банк) кредит беру үшін құрылыс салушылардың 17 жобасын қарап жатыр. Қарыз 53,6 млрд теңгені құрайды. 2018-2019 жылдары осы жобаларды іске асыру есебінен  282 мың шаршы метр тұрғын үйді (403 мың пәтердің 70%-ы) пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба 8 өңірде (Астана мен Алматы қалалары, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары) іске асырылып жатыр»,-деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында “Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн” деген. Оның сөзінше, Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз