Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының өкімін төменгі палатаның баспасөз қызметі жариялады.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 4-қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын”, – делінген өкімде.