Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының отырысы өтті

Басқосуға қатысушылар халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, осы ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін маңызды болып саналатын заманауи сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді қарастырды.

Нұрлан Ермекбаев отырыста ҰҚШҰ-ға мүше елдерде бүгінгі халықаралық ахуалдың даму үрдісі туралы ортақ түсіністік бар екеніне назар аударып, қалыптасып отырған жағдай туындаған проблемаларға қатысты жан-жақты әрі жүйелі талдау жүргізуді және сын-тегеуріндердің алдын-алу мен қатерлерді жою үшін шешімдер қабылдауды талап ететінін айтты.

Тараптар ұлтаралық шиеленіс ошақтарын реттеудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты. Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құзыретті органдардың ынтымақтастығын нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымына, заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның арнайы мақсаттағы Жедел әрекет етуші ұжымдық күш құрылымдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар көзделген.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев делегациялар басшыларын қабылдап, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға қатысуын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен болатын. Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуіне байланысты биылғы екінші жартыжылдықта Астанада мемлекеттер басшылары деңгейінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз