Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті.
74 келіге дейінгі салмақта белдескен Қайпанов финалда Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, өткен жылы Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында 70 келі салмақта олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде үздік атанған болатын.