Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұр-Сұлтанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарланып отыр

211
Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарлап жатыр. Бұл туралы “Республика-аймақ-даму” қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Әлем елдерінде осындай мемлекет пен менталитеттегі өзгерістердің катализаторы болған қайғылы оқиғаларға ескерткіш немесе мемориал орнатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі ойы – “есте сақтау!”. Міне, қайтыс болған қыздарға ескерткіш мемориалын қою идеясы келді, оны досымыз Олжас Мұхамеди шығармашылық жағынан жүзеге асырып жатыр”, – деп хабарлады Facebook желісінде Байтук.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға әлеуметтік реформалар мен азаматтық белсенділіктің жаңа кезеңіне аяқ басуға әсерін тигізді.

“Көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірікті, қоғам өкілдері әлеуметтік қолдауды арттыру үшін белсенділік танытты, ең бастысы билік өзгере бастады”, – деді ол.

Жобаны келесі жылдың ақпанына қарай, қайғылы оқиғаға бір жыл толғанда жүзеге асыру жоспарланған.

“Ескерткіш өте биік болмайды, шамамен адамның бойымен бірдей, биік тұғырда тұрады. Олжастан миға шабуыл жасауын сұрадым, ол бірнеше нұсқа жіберді, біз біреуін таңдадық. Ескерткіште анасының қолында бала тұр және одан бес құс аспанға шарықтап барады. Жобаның алдын ала сызбасы бекітілгеннен кейін бюджетін есептейміз. Қайырымдылыққа қаржы жинау үшін Facebook желісінде жеке жабық топ ашатын шығармыз, жобаны қолдауға белсенді қатысқысы келетіндердің барлығы осы топқа қабылданады”, – деді Байтук тілшімен әңгімесінде.

Оның айтуынша, бірнеше кәсіпкер жобаны қолдауға дайын екендерін білдіріпті.  Мүсінші Олжас Мұхамеди 19 жасында ағасымен ашқан графикалық дизайн студиясын 11 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Ол “Халық сүйіктісі” сыйлығының мүсіншесі ретінде танымал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз