Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады: «Коронавирустың жаңа ошақтары пайда болуда»

268
Сурет: Максим Золотухин

Әкімнің айтуынша, адамдар оқшаулау режимінен шыққаннан кейін аурудың таралу қарқыны артып кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

— Үш айдан астам уақыт бойы біз карантин режимінде өмір сүріп келеміз,  сіздермен бірге ТЖ, қатаң өзін-өзі оқшаулау кезеңдерінен өттік. Тек осы дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында біз коронавирустың таралу тәуекелдерін азайта алдық. Көптеген кәсіпорындардың жұмысы жанданды, қоғамдық кеңістіктер ашылды, қоғамдық көлікті іске қосылды. Қазір біз қала көшелерінде адамдардың көптігін байқаймыз. Бұл түсінікті, табиғи процесс. Бірақ сонымен бірге қауіп-қатер артуда. Адамдар көп жиналатын орындарда вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Келесі мәселелерге назар аударғым келеді:

Бірінші…. Қазір біз отбасы ішінде вирус ошағының пайда болғанын байқаймыз. Бұл санитарлық нормаларды, гигиена талаптарын елемеу нәтижесі. Балалар, ата-аналар, әжелер мен аталардың індет жұқтырғанын көріп отырмыз. Отбасының барлық мүшелерін ауруханаға жатқызуға тура келеді. Бұған жол беруге болмайды.

Екінші. Біздің ұжым ішінде  вирус жұқтыру ошақтарының тіркелгенін айтқымыз келеді. Соңғы аптада барлық тіркелген жағдайлардың жартысы ұжымдарда анықталған. Бұл санитарлық норманы сақтамаудың нәтижесі. Барлығы санитарлық талаптарды сақтауы қажет:

  • адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық және жабық кеңістіктерде міндетті түрде бетперде кию керек;
  • гигиеналық нормаларды қатаң сақтау: қолды жуу, санитайзерлерді пайдалану. Әсіресе балалар және отбасының барлық мүшелері осы талаптарды сақтауы тиіс;
  • мүмкін болған жағдайда адамдар көп жиналатын жерлерге бармау және әрине, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Осының барлығы вирусты жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Енді жауапкершілікті ұмытудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте кәсіпорын басшылары, қызметкерлердің өздері  барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Біз қазір санитарлық дәрігерлермен бірге рейдтер жүргізіп, бақылаймыз. Бірақ әрқайсымыздың ортақ азаматтық жауапкершілігі болуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана біз сіздермен бірге қадам қадаммен алға жылжып, осы күрделі кезеңді еңсереміз, — деді Көлгінов өз мәлімдемесінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз