Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нығматулин Үкіметті 52 млрд теңгенің жұмсалу мақсатындағы қатеге назар аудартты

Депутат Мейрам Пішембаев атап өткендей, Үкімет басшысы қол қойған құжатқа қарасақ, бұл ақша қолданыстағы 6 кәсіпорынның жаңғырту жұмыстарына жұмсалмақ екен. Оның үшеуі 2018 жылы қолға алынбақ делінеді. Ал холдинг келтірген мәліметке сәйкес, 7 жаңа жоба бойынша құрылыс жұмысы жүрігізілмек. Онда да «Бәйтерек» холдингі өнеркәсіп орындарының жаңғырту жұмыстары туралы ештеңе айтпайды.

Бұл сәйкессіздікке Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де баса назар аударып, Үкіметтен бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруін сұрады деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіндегілер.

«Бақытжан Әбдірұлы, бұны қайта қарау керек. Әйтпесе мақсатты игеруге қатысты заңбұзушылыққа жол береміз», —

деді Нығматулин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз