Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің заң шығарушы органы палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге қол қойды.
Құжатта бірлескен отырыстыің 3-наурызда сағат 10.00-де басталатыны айтылған.
Мәжілістің баспасөз қызметі өкімнің мәтінін жария етті:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 3-наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын».
Естеріңізге салсақ, Қазақстан парламенті екі палатадан тұрады: төменгісі – Мәжіліс, жоғарғысы – Сенат.