Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Нығматулин министрлерге: Бас шұлғуға шеберсіздер, бірақ жұмысты сылбыр істейсіздер

Төрағаның айтуынша, осындай жағдай қазір елімізде кеңінен белең алып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Үкімет, оның ішінде бірінші кезекте қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігіне нақты ұсыныстар енгізетін уақыт жетті. Мемлекеттік сатып алулар кезінде демпингке қарсы қатаң шаралар тетігін енгізу қажет. Келісесіздер ме?”, — деп сұрады Нығматулин министрлерден.

“Онда іске кірісу керек қой?! Бас шұлғуға келгенде белсендісіздер, ал жұмысты сылбыр істеп жатырсыздар”,  — деді төраға.

Нығматулин отандық бизнесті қорғау қажеттігін айтты. Тіпті болмаса, бұл мәселені заңды түрде реттеу керек.

“Қажет болса, адал емес бәсекелестікпен заңды түрде күресуіміз керек. Бұл жұмыстан депутаттар да шет қалмауы тиіс. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті үкіметтегі әріптестерімізбен бірлесе жұмыс істейік”, — деп түйді сөзін Нығматулин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз