Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Нығматулин Астана халықаралық қаржы орталығына қаржыны тиімді игеруді ескертті

Осыған орай, депутат аталған орталық қызметінен бөлінетін мемлекеттік қаржыны бақылау жайына алаңдаушылық білдірді.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Астана халықаралық қаржы орталығы өкіліне орталыққа қаржыны тиімді пайдалануды ескертті.

“Ешкімде әсіресе, орталық басшылығында өз бетінше қызмет етуге мүмкіндік беру, мемлекеттен бөлінген қаржыны бақылау жауапкершілігінен босатады деген ой болмауға тиіс. Орталыққа бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы үнемі Есеп комитетінің бақылауында”, – деді мәжіліс төрағасы.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сот жүйесі, мемлекеттік рәміздер, Конституциялық кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Сонымен қатар бүгін парламент депутаттары 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз