Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Самар ауылдық округінде «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық маслихатқа үміткерлер мен сайлауалды штаб мүшелері көп балалы аналармен кездесу өткізді.
Диалог барысында үміткерлер мен сайлауалды штаб мүшелері өзекті мәселелерді шешу және алдағы өзгерістер туралы айтты.
Көпбалалы аналардың айтуынша, оларды бірінші кезекте ақысыз тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері толғандырады.
Жиналыс соңында партия мүшелері жиналғандарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таратып, самарлықтарды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.