Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нобель неге қазақты менсінбей келеді?

287

Әлде ортамыздан оза шапқан біреуді ұсынуға құлықсызбыз ба? Әлде аталастың да, ауылдастың да тайы озғанына қарсымыз ба? Белгісіз.

Дегенмен дүниенің бәрі Нобель сыйлығымен өлшенбейді дейтіндер де бар. Соның бірі белгілі сыншы Аманкелді Кеңшілікұлы. Ол бүй дейді: (сұхбат бұдан бірнеше жыл бұрын орталық үлкен бір басылымда жарық көрген).

«Қызтеке ме?!». Танымал жазушының ұлы масқара болды (фото)

Аманкелді Кеңшілікұлы

 

– “Әдебиеттің құны Нобель сыйлығымен өлшенбейді. Жалпы, мен осы бір өнбейтін дауға қызылкеңірдек болып айтысып-тартысып жатқан сыншыларымызды түсінбеймін. Әлемде Нобель сыйлығынан басқа да беделі зор халықаралық сыйлықтар көп. Өкінішке қарай, сол сыйлықтардың бір де біреуін алған қазақ жазушысы жоқ. Әуелі Дублин, Сервантес, Пультцер, Букер, Гете, Кафка т.с.с халықаралық сыйлықтың біреуін қазақ жазушысы алса да тақиямызға тарлық етпес еді.

Жоқ, біз бірден Нобельге қол созамыз. Нобель сыйлығына үміткер ең құрығанда осы халықаралық сыйлықтардың бір-екеуін алып6 әлемге танылуы керек екенін ойлағымыз да келмейді.

Таяуда бірнеше қазақ басылымдарының бетінен қазақ жазушылары Әкім Тарази, Асқар Алтай мен Роза Мұқановаға әлем әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының берілгені туралы ақпаратты оқып, таң қалдым.

Бұл – нағыз өтірік. Ақиқатында есімдері аталған үш жазушыға да, бұдан бұрын да оны алған Төлен Әбдікұлы, Шөмішбай Сариев пен Немат Келімбетовке берілгені Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлық емес, әйгілі жазушының атындағы алтын медаль.

Халықты алдап, оқырманды адастырудың қажеті қанша? Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлық 2001 жылдан бастап әлемдегі танымал жазушыларға беріліп келеді. Қазақ жазушыларының бірде-біреуі Кафка сыйлығын алған емес. Нобель сыйлығын қазақ жазушысы алып жатса құба-құп. Берілмесе оған бола сары уайымға салынудың қажеті қанша? Биыл оны ақын Томас Транстемер алды. Алайда ол оған бірден қол жеткізген жоқ. Оған дейін ол 1981 жылы Петрарка, 1990 жылы «Нейштад», 2003 жылы «Алтын тәж» халықаралық әдеби сыйлығын иеленген болатын. Былтыр жазушы Марио Варгос Льосаға бұйырды. Бұл жазушы да қара жаяу емес. 1995 жылы «Иеруссалим», 1996 жылы «Бейбітшілік» халықаралық сыйлығын алған қаламгер.

«Назарбаев былай десе…». Әйгілі жазушы жағымпаздардың аузын жабудың жолын айтты


Дегенмен таланттары бұл екеуінен әлдеқайда күшті Евгений Евтушенко мен Валентин Распутинге осы сыйлық бұйырмай келеді.

Өйткені Нобель сыйлығын беруде барлық уақытта әділеттілік болмайды, комиссия мүшелері белгілі бір принципті де ұстана бермейді.

Мысалы,

осыдан жүз он жыл бұрын Швед Академиясы орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойға христиан дінін жоққа шығарғаны үшін осы сыйлықты бергізбей тастады.

Бір ғасыр өткен соң керісінше, Жозе Сарамаго христиан әлемін шулатқан «Евангелие от Иисуса» романы үшін Нобель сыйлығын алды.

Бұл сыйлықтың төңірегінде қитұрқы саяси ойындар көп.

Ұлы жазушылар Хорхе Луис Борхес, Шервуд Андерсен, Франц Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст, Грэм Гриндерге де обьективті және субьективті себептерге байланысты бұл сыйлық берілген жоқ. «Нобель сыйлығы кімге керек?» атты мақаламда ол туралы егжей-тегжейлі жазғанмын”.

Ақшарқат Ахметбек

«Жас едім, мас едім». Дулат Исабеков екі қыздың обалына қалғанын айтты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз