Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады

“Әл–Фарабидің бойымен сол съемканы түсіріп бастағаннан кейін МАИ ұстап алды. Олар штраф жазып берді”, – дейді «Ninety One» тобының мембері Bala.

Айыппұл – жауапкершілігін арттыра түскендей… Бүгінде, ол ең тәртіпті көлік жүргізушісі. Бұған қоса, актерлік шеберлігін де әжептеуір шыңдап алған.

“Әркімге өзінің персонажын өзі толықтыру керек болды. Оның характерін, оның өмірбаянын, оның сөздерін. Сценарий берілгеннен кейін тағы да өзіміз үстінен құрастырып жаттық”, – дейді Alem.

Әсіресе, Zaq пен A.Z-ге қиын тигені анық. Себебі, олар әуел баста телехикаяда бой көрсетпейтін болған. Кейін, қосымша кейіпкерлер ретінде сценарийге қосылып, образдарын ашуда оларға біраз еңбектенуге тура келді.

“Аяқ астынан ішіне кіріп кеткендіктен біздің екеуміздің рөлдеріміз сценарийде әлі толықтырылмаған, жартылай жоқ десе де болады. Сондықтан, көбінесе екеумізге өзімізге бірдеңе қылу керек болды. Импровизация жасау керек болды. Соның 80-90 пайызын сериалдың ішіне алып қалды”, – дейді Zaq.

Мемберлер сан-алуан эмоцияны бастан кешіруге тура келді дейді. Төбелесіп батылдық танытқан және көздеріне жас алып әлсіздіктерін де жасыра алмаған сәттері болған.

“Махаббат, драма, комедия, музыка, боевик! Ішінде бәрі бар негізінде. Кішігірім негізі кішігірім фэнтези ғой анау”, – дейді Zaq.

Иглздар «Қағаз кеме» телехикаясының тизерін тағатсыздана тосуда. Тұсауы кесілер күнге дейін әр минуттарды санаумен жүр! Сол сарыла күтуге татырлық дүние шығарына көптің күмәні жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз