Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ни сияқты бапкерді сотқа берсе де артық емес” – Айдос Сарым

1434110220_a26j6830

Айдос Сарым

Осы жолғы Олимпиаданың қазақ спортшылары үшін қаншалықты жемісті болары белгісіз. Аламан басталмай жатып, басымыз дауға қалды.

Осы уақытқа дейін өзіміз “аңызға айналдырған” ауыр атлеттер аспаннан жерге түсті. Аңызға айналған дәнеңесі жоқ екен. Допинг қабылдапты.

Допингтің арқасында алтын алған, атақ-абыройға жеткен. Ақыр аяғы масқара болды. Алтындарынан айырылды. Атақ-абыройынан да…

– Əр нəрсенің сұрауы болады, шынымен. Мысалы, Риодағы Олимпиададан кейін тек легионерлерге үміт артқан спортпен қоштасу керек болады. Өз спортшыңды өсірмей, өзіндік мектеп ашпай, дəстүр қаламай, ұшпаққа жетпейміз.

“Жаһанданудың да шегі болады. Алексей Ни (ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері) сияқты бапкерге мен, тіпті, қылмыстық іс қозғар едім, тіпті, пайғамбардың үмбеті болса да. Қаншама ақшаны желге шашып жатыр. Қаншама келімсекке көкбайрақты төлқұжат жасатты. Допинг дегені тағы бар. Допингсіз командасы шашылып қалды”, – дейді саясаттанушы.

Рас айтады. Тоқ етерін айтқан.

Әлем тамсанған ауыр атлетикамыз допингке тәуелді екен. Сенбесеңіз, Седовтан сұраңыз. Сол допингке қатысты шуға Ни кінәлі деп ашық айтқан.

Ал Ни ше? Үндеген жоқ. Седовтың сөзі өтірік болса, баяғыда-ақ сотқа беріп тынар еді. Солай.

Бұдан келімсектердің арқасында алтын алып алдамшы жеңіске жеткен Қазақстан спортына не береді?

Ештеңе.

Ертең әлгі келімсек допингпен ұсталып жатса, оны шақырғанымыз да, оған қыруар қаржы шығындағанымыз да бекер болады. Ақшаға обал бәрінен бұрын.

Әй, бірақ жоғары жақ бұған құлақ асар ма екен? Құлақ асқанын, естіген емеспіз. Билік әрдайым өз дегенін істейді. Спорт та солай. Өз спортшыңды тәрбиелеп, оның жемісін жегенше, келімсек шақырып, соның арқасында “күн көрген” тиімді бізге. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің болашақ туралы ойланбайтынымыздың тағы бір дәлелі.

photo_44483

Алексей Ни

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз