Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Нервім шыдамады. Күйеуім “ақшаны төркініңе бересің” деп тиіседі

«Мендегі мəселе – 7 жыл болды, күйеуім айлап күнде ішеді. Сосын тоқтайды бір-екі аптаға. Сол кезде ұрыстар басталады, ақшаларды қайда жұмсайсың деп. Мен сол продукты, ком услуги, балабақша, проезд жəне кəдімгі үй шығындарға жұмсаймын.

Ақшаны экономдап жұмсаймын. Өзіме сирек, жылына бір-екі рет киім алам.

Ал оның ойынша, мен төркініме жібереді екем. Құдайға шүкір, ата анам, əпкем, інім – бəрі жақсы тұрады. Ақша сұрап жатқан жоқ менен. Қайта маған көмектескісі келеді əрқашан. Жалпы айтқанда, ешкім ақша сұрамайды.
https://kaz.365info.kz/tolykhpyn-kyjeuim-zhatpajdy-toseksiz-khansha-shydauym-kerek-265992
Біз үй салып жатырмыз, күйеуім ақша жақсы табады. Кəзір қатты ұрсысып қалдық, есін жиып ақша санай бастады.

Өзі ішкенде ақшаны аямай шашады, бірақ оны мойындамайды.

Менен бүкіл ақшамды алып қойып қуып шықты үйден (менің нервім шыдамай қалды, аузыма келгенді айттым). Үйге кірем ғой. Мəселе, обидно, төркініме бір тиын да онымен ақылдаспай бермеппін.

Ал ол маған сенбейді. Мен өте ашықпын, өтірікті жек көрем де, алдай алмаймын ешкімді…», – деп аяқталады қыздың жазбасы.

Ал, сіз не дейсіз, құрметті оқырман?

Фото: vk.com (көрнекі фото)
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-dep-khaldym-zhaza-baskhan-ajel-bireudin-ozin-bopsalap-zorlap-zhyrgenin-ajtty-295032

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз