Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шекарашыға өнертапқыштығы үшін әскери атақ берілді

202

Құрылғыны ойлап тауып, жасаған – «Дархан» заставасының бастығы капитан Фархад Какимов.

Құрылғы өте қарапайым. Онда ешқандай да микрочиптер жоқ, бар-жоғы екі қазық қағылып, ортасына жіп керілген, оған велосипедтің қоңырауы орнатылған.

– Бұл құрылғыны біз негізінен кешке қарай, немесе түк көрінбейтін кездерде, онда да осы жерден өтуі мүмкін-ау деген аймаққа орнатамыз. Із кесу жолағынан өткен шекара бұзушы осы жіпті аяғы іліп кетеді де, қоңырау ойнап шыға келеді, – дейді өнертапқыштың өзі оны таныстыра отырып, – осының арқасында біз 4 бірдей шекара бұзушыны ұстадық. Осылайша бұл маңнан шекара бұзушылар да азая түсуде.

Капитан Какимов Шығыс Қазақстан облысының шекара түбіндегі Мақаншы аулында туылған. Шұғыл қызметті Үшарал шекара отрядында атқарды, одан кейін өмірін шекара қызметімен байланыстыруды ойлап, ҚР ҰҚК Әскери институтына түсті.

Жоғары оқу орнын бітірген соң Тараз шекара отрядының десантты-шабуылдаушы заставасында қызмет етті. Қызмет барысында «Жас өркен», «Сыпатай батыр», «Қайрат» заставаларында қызмет атқарды. Ал 2014 жылы «Дархан» заставасының бастығы болып тағайындалды.

Отряд басшылығының айтуынша аталған заставаның аумағы ең күрделі учаскілерінің бірі болып саналады. Сондықтан да, бұл заставаға ең тәжірибелі, жауапкершілігі жоғары офицерлер тағайындалады екен.

– Бір жолы нардяқа түскен кезде, түн қараңғылығынан ештеңе көрінбей тұрды. Орнымнан кетіп қалайын десем, әлдекім өтіп кететіндей сезіндім, біреу менің кетіп қалуымды күтіп тұрғандай болды. Сондықтан, сәл ұзап барып, әлгі жерге қайта оралып отырдым. Бір кезде басыма осындай құрылғы ойлап табу туралы идея келді.

Құрылғы сынақтан жақсы өтіп, басшылық оны орнатуға рұқсат берді. Оны жасауға үлкен шығын да кетпейді. Әрі ықшам, әрі жинақы. Мұны басқа заставадағылар да қолдануда, жемісін көруде, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз