Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Неліктен Трамп коронавирустан да қорқынышты болды? – саясаттанушы

122

Өңірлік ынтымақтастыққа баса назар аудару

– Қазіргі уақытты көбі «коронавирус дәуірі» деп атайды. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Пандемияның рөлі осыншалық үлкен бе, әлде бұл жай елес пе?

– Әрине, коронавирус әртүрлі аспектілерге айтарлықтай әсер етеді. Ең алдымен, карантин мен шекаралардың жабылуына байланысты айтарлықтай төмендеген сауда көлемі бойынша байқалады. Біздің елімізде не болып жатқанын өзіміз жақсы білеміз. Көптеген сауда орны мен қызмет көрсету кәсіпорындары жабылды, сұраныс пен төлем қабілеттілігі төмендеді, халықтың табысы азайды.

Екінші жағынан, экономика бірден жаңа шындыққа негізделіп қайта құрыла бастады. Көбі онлайн сатылымға ауысты, менің ойымша, бұл үрдіс жалғаса бермек. Курьерлік қызметтер де қарқындай бастады, өйткені әр кәсіпкер жеткізуді өз бетінше ұйымдастыра алмайды. Яғни, қосымша ақша табуға болатын жаңа салалар пайда болды. Шамамен дәл осындай жағдай басқа елдерде де кездеседі. Бірақ мәселе пандемияда емес, бұл тек ілеспе процесс.

– Сонымен, бүгін маңызға ие болып отырған не?

– Жаһандану отыз жыл бойы үстемдік етсе де, қиын кезеңдерді бастан кешіре бастады.

Осы уақыт ішінде экономиканың жаһандық моделі өзін жақсы жағынан көрсетті, бірақ қазір ол күрделі дағдарыста

Бұған дейін айтқанымдай, әлемдік сауда құлдырап жатыр және бұл экономикаға әсер етеді.

Қазір өңірлік ынтымақтастықты дамыту туралы сөз болып отыр, яғни алыс елдермен емес, жақын көршілермен саудаға баса назар аударылуда. Бұл үрдіс одан әрі дамиды, біздің жағдайда да үрдістен қалыс қалмайды.

Президент айтқандай, Қазақстанға жеке, тәуелсіз экономика құруға ден беру керек. Қазірдің өзінде импорт айтарлықтай өсті және бұл азаматтардың қалтасына ауыр болып отыр. Бұл статистикадан да белгілі. Адамдардың тамақтануға жұмсайтын табыстарының үлесі артты. Яғни, ақшаның көп бөлігін тамаққа жұмсайды. Сонымен қатар, әлемдік дағдарыс нәтижесінде мұнайға деген сұраныс төмендеді. Демек, мұнай бағасына да төмендеді.

АҚШ-тың әсері коронавирустың күшіне қарағанда әлдеқайда күшті

– Көптеген адам жаһандану пандемия нәтижесінде құлдырай бастады деп санайды. Коронавирус болмаса, бәрі өз қалпында болар еді дейді. 

– Жоқ, мәселе пандемияда емес. Бұл Трамп әкімшілігінің әрекеті нәтижесінде коронавирус пайда болғанға дейін басталды. Мысалы, оның пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін ФРЖ-ға қалай қысым жасағанын бәріміз жақсы білеміз. Логикаға савлсақ, американдық экономиканы қызып кетпес үшін оны көтеру керек деген ой туады. Бірақ соңында саясат экономиканы жеңді, ал қаржы жүйесі Трамптың қысымында қалды. Америкалық экономика әлемдегі ең үлкен экономика болғандықтан, бұл бәріне әсер етті.

АҚШ пен Қытайдың сауда соғыстарын алыңыз, ол да әлемдегі ең ірі экономикалардың біріне ие.

Бұдан әрі Трамп Еуропа елдерімен қарым-қатынасты бүлдірді. Ал олар АҚШ-тың саясаттағы, экономикадағы бұрыннан келе жатқан әріптестері еді. Оның іс-әрекеттерінің нәтижесінде қарым-қатынас күрт бұзылды.

– Сонымен вирус ештеңеге әсер етпеді ме? Немесе ол уақытпен тұспа-тұс келген жай ғана параллельді процесс пе?

– Коронавирустық пандемия – катализатор. Ол бұрын пайда болған барлық жағымсыз процестерді ушықтырып, жеделдетті. Ол дағдарысқа дейін тиімсіз болған жағдайларды ашып, әшкереледі.

Егер коронавирус болмаса, бұл процестер соншалықты байқалмауы немесе жеделдемеуі мүмкін еді

Ол мәселе туғызбады, бірақ күшейтіп, жеделдетті.

Егер пандемия мен Трамптың әлемдік жағдайға әсерін салыстыратын болсақ, соңғысы әлдеқайда күшті болады. Егер вирус болмаса, оның іс-әрекетінде аз өзгеріс болар еді.

Көршілер жауап қайтара алады

– Алайда көптеген адам пандемия толығымен тәуелсіз саяси факторға айналды деп ойлайды. Мысалы, ковидпен күресу деген сылтауымен елдер импортпен күресу үшін шекараларды жапты.

– Келісемін, мұндай жағдайлар бар. Бірақ ішкі нарықты осындай әдістермен қорғау қисынсыз сияқты. Мүмкін сіз өз нарығыңызды жақын перспективада қорғайсыз, бірақ одан кейін құлдырауға алып келуі мүмкін.

Бумеранг эффектісі әлемдік экономикада да жұмыс істейді, өйткені біз бәріміз жаһандану процестерімен байланысты болдық. Егер сен өз өндірісінде осындай жолмен қорғасаң, онда шын мәнінде өз тауарыңды сататын көрші елдегі өндірісті бұзасың. Бірақ олар оны енді сатып алмайды.

Сонымен қатар, сол елдің үкіметі де өз шараларын қолданатынын ескерген жөн.

Сондықтан бұл әрекеттер нәтижесіз. Әлемдік экономикаға АҚШ-тан артық әсер етпе алмайтыны сөзсіз.

Енді біз Байденнің коронавируспен күресте не ұсынатынын қарастырамыз. Трамптың кезінде аурудың көрсеткіштері бойынша, жағдай жай ғана өз еркіне жіберілді. Бірақ Байден үшін бұл жұмыс оңайырақ болмақ. Өйткені бір жылдан астам уақыт өтті, күрес тәжірибесі бар, вакциналар пайда болды. Яғни, мүмкіндіктер көбірек.

– Экономикалық байланыстардың жойылуынан кейін шекаралардың қиылысуы келуі мүмкін деген пікірлер айтылады.

– Шекараны өзгертуге тырысу өте қауіпті. Екі дүниежүзілік соғыс мұны жақсы көрсетті. Бірақ жақын болашақта жергілікті қақтығыстардың ықтималдығы артуы мүмкін.

Елдер арасындағы қатынастар бұзылған кезде және сенім өзара болмаса, мұндай қақтығыстар өте оңай туындайды

Егер бұрын бәріміз бір қайықта отырғанымызды түсінетін болсақ, экономикалық және инвестициялық байланыстар үзілген сайын саяси популизм үшін үлкен кеңістіктер ашылады. Егер бір жерде бұрынғыға қарағанда жауапсыздау саясаткерлер билікке келсе, мұндай әсер шынымен көрінуі мүмкін.

Көп нәрсе жаһанданудың «қайта жүктелуіне» байланысты. Трамп шешімдерінің салдары мен пандемияның әсері қаншалықты қайтымды?

Жоюға келмейді

– Жаһандану моделі негізінен жақсы. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қорының мәліметтері бойынша, жаһанданудың 30 жылы ішінде Азия елдері кедейлік деңгейін едәуір төмендете алды. Бірақ жағымсыз қасиеттер де бар. Елдер арасында байлық әділетсіз бөлінді. Сонымен, болған жағдайдың бәрі модельден толығымен бас тартпай, қайта қарау үшін жақсы себеп болып табылады. Жаһандық қаржы институттарын, экономикалық бірлестіктерді, сауда әріптестіктерін жетілдіру керек.

Әлем әрқашан бірігуге ұмтылады. Менің ойымша, бұл үрдіс жалғаса бермек және жаңа деңгейге шығады. Бұл үшін әркім негативті азайтып, жақсы нәтижені көбейту үшін әрекет етуге тырысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз