Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Неге сауда орталықтарындағы орындар қазақстандықтарға қарағанда түріктерге арзан бағаға беріледі?

348

Түріктердің тәжірибесі

Сонау 1993 жылдың өзінде Түркия үкіметі мемлекеттік қолдау арқылы жеке бизнесті дамытуға болатынын түсінді. Бірінші кезекте, мемлекеттік жіп иіру және тоқыма фабрикаларының құрылысына несие берумен айналысты. Алты жылдан кейін елдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 60%-ға; мақта-мата жіптерін, маталар мен киім өндірісі — 65%-ға; жүннен иірілген жіп, мата мен киім өндірісі – 40%-ға; тері өнімдерінің өндірісі – 38%-ға артты.

1940-50 жылдары Түркия үкіметі осы салада бірнеше реформа қабылдады:

  • өндірістік салық алынып тасталды,
  • жеңіл өнеркәсіп тауарларын импорттауға салынатын баж салығы артты,
  • импорттық жабдықтардың кедендік тарифтері төмендетелді.

Осы және басқа да шаралардың нәтижесінде,  осынша қысқа мерзімнің ішінде ел аумағында мата, тігін, трикотаж және былғары аяқкиім кәсіпорындарының саны күрт өсті. Киім және үйге арналған маталар өндірісі ұлғайды. Ішкі нарықтағы сауда жандана түсті. Бұл елдің ең үлкен қаласы — Стамбулдың дамуына оң әсерін тигізді,

Реформалардың әсері

Үкіметтің экспортты көтермелеудегі тиімді шараларының әсерінен Түркияның жеңіл өнеркәсібінің шикізат және өндірісінің ауқымы кеңейе бастады.

Маңызды сәт:

еркін сауда мен арзан жұмыс күші шетелдік тікелей  инвестицияларды арттырды

Түрік жеңіл өнеркәсібіне тұрақты  инвесторлары: Hugo Boss Group, Nike Group, Marks & Spencer, Mango Fashion.

Тігін-трикотаж компаниялары мен үй тоқымасын өндіретін компаниялардың саны соңғы елу жылда бірнеше есеге артты

Бүгінде түрік үкіметі Қазақстандағы сауда орталықтарында сауда орындарын жалға алған кәсіпкерлерінің шығындарының бір бөлігін төлеп береді.

Көріп отырғанымыздай, түрік тәжірбиесі өз нәтижесін көрсетіп үлгерді. Соңғы жиырма жылда біздің азаматтарымыз түрік өнімдерін кеңінен қолданады, осы елде өндірілген брендтерді киеді, түрік өнімімен ұйықтайды, тамақ ішеді, моншаға барады.

Сауда орындарын жалға алу

Қазақстанның барлық фэшн-ритейлі сауда орындарын жалға алуда күрделі мәселеге тап болады.

Mimioriki балаларға арналған киім брендінің негізін салушы  Инны Апенконың айтуынша, ойыншылар құрылымы келесідей бөлінеді:

алғашқылары — негізгі жалға алушылар

Олар Zara, H@M секілді ірі ойыншылар. Яғни ірі сауда орындарындағы үлкен форматты киімдер дүкені.

Әлемдегі СО барлығы осы жүйемен жұмыс істейді, әлемдік ритейл негізгі жалға алушыларға сауда орындарын өте тиімді талаптармен ұсынады.

Екінші ойыншылар — түрік ритейлі санаты

Қазақстанда олардың саны өте көп. Көбісі түрік бағдарламасының қатысушысы. Бұл бағдарламаның аясында Түркия үкіметі шығындарының бір бөлігін, соның ішінде жалға беру ақысының 50%-ын төлеуге көмектеседі.

Түрік және қазақстандық базалық мөлшерлеме бірдей болса да, қазақстандықтар сауда орындарын жалға алғаны үшін екі есе жоғары ақы төлейді. Сондай-ақ,

біздікілер негізгі жалға алушыларға қарағанда көбірек ақы төлейтіні тағы бар

Бұл жағдайдан —

қазақстандық брендтер сауда орындарын жалға алу бойынша ең күрделі жағдайда жұмыс атқаратынын көруге болады

Инна Апенко  2019 жылдың мамыр айында президент Ұлттық инвесторлар кеңесінде  Тоқаевтың алдында сөз сөйлеген болатын.

«Мен бизнестің ішінде де бір бірімізге қолдау көрсетуіміз керек деп тағы бір мәрте айттым. Қазақстандық брендтерге қатысты сауда орталықтарының белгілі бір жауапкершілігі болуы керек».

Нәтижесінде Нұрлан Смағұловтың иелігіндегі  Mega сауда орталығы 2019 жылдың мамыр айында жауап қатып, 20 жалға алушымен қазақстандық брендтерге арнайы коммерциялық жағдай жасау туралы Меморандумға қол қойды.

«Арнайы жеңілдіктеріміз болмаса, біз Қазақстанның алдыңғы қатарлы сауда орталықтарында жұмыс істей алмас едік», — дейді кәсіпкер.

Бұрын соңды болмаған стратегия

Өткен аптада, 4 науорызда, Нұр-Сұлтан қаласында сенат елдегі жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен отырыс өткізді. Тараптар депутаттардың Ақтау, Атырау, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жасаған жұмыс сапарларының қорытындысын шығарды.

Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекет саладағы проблемеларға назар аударып, қандай да бір арнайы құралдар әзірлейді деген үміт пайда болды. Олардың пікірінше, бұған дейін үкімет жеңіл өнеркәсіпке  басымдық беруге тырысқан да жоқ.

Жақында өткен сенат отырысында басқа бір қағида айтылды:

әдіс-тәсілдерді өзгертіп, отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдайтын кез келді

Біз өз елдерінде осы бағытқа қолдау көрсетіп, саланы дамытып отырған көршілердің ортасында отырмыз.

Көршілердің тәжірибесін зерттеп, дұрыс экономикалық жағдай құрып, бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек.

Дариға Назарбаева индустрия және экономика министрлігіне тікелей тапсырма берді. Сааланы дамыту үшін кешенді стратегия құру міндеті қойылды.

Табысты қазақстандық бренд

Mimioriki балалар киімі бренді нарықта 2009 жылдан бері таныс, 1997 жылдан бастап  Textiline деген атпен белгілі. Кәсіпорында 180 адам жұмыс істейді, жыл сайын 250 мың өнім шығарады, жылына 9  топтама  немесе 450 бірегей модель  құрастырылды.

Инна Апенконың айтуынша, Mimioriki-дің шығармашылық студиясы бар. Дистрибуция 15 фирмалық дүкен арқылы жүзеге асырылады, оның 4-еуі жеке иелікте. Оның 11 дүкені франшиза бойынша ашылған.

Өнімнің орташа бағдарламасы — 5 мың, балалар костьюмі — 15 мың теңге

Инна КИМЭП-ті бітірді, ол өзінің отбасындағы киім өндірумен айналысып жатқан үшінші ұрпақ. Кеңестік кезеңде оның әжесі мен атасы жеңіл өнеркәсіп саласында қызмет еткен. Кейіннен бұл салаға әкесі де келген.

— Мен әкемнің бизнесінде, Textiline өндірістік компаниясында жұмыс істей бастадым. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілген отбасылық тарих. Бизнеске қатысты білімді жаныңыз бен құндылықтарыңызға жақын кез келген салаға қолдануға болады. Ал киім өндіру маған түсінікті бизнес болды.

Мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істеуге бола ма?

Инна Апенко бөлшек сауда сегментінде мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істеуге болады деп есептейді.

— Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын бөлшек сауда кәсіпорындары өте аз. Барлығы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді және оны өзара таласпен бөліседі. Біз бұған қатыспаймыз.

Сондай-ақ жеке тапсырысқа жұмыс істейміз және ұжымдық жобаларымыз да бар.

Сен мемлекеттік тапсырыстарға тәуелді болмасаң, өз стратегияңды еркін құрып, сатылым көлемін анықтай аласың

— Тендер дегеніміз —лотерея. Тапсырысты аласың ба, алмайсың ба ешқашан алдын ала білмейсің. Мен тендер ала алмағаны үшін қызметкерлерін тартуға мәжбүр болған көптеген кәсіпкерді білемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз