Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Неліктен медбике жарты жылда табатын ақшаны асаба бір-екі сағатта алады?

188
Дереккөзі — ШколаЖизни.ру

Түрлі бағалаулар бойынша елдегі кедейлердің саны ресми жұмыспен қамтылған халықтың 20-дан 70 пайызына дейін құрайды («өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» мұнда кірмейді). Тіпті «жұмыс істейтін кедейлік» деген атау бар. Яғни, ресми жұмыс істейтін және жалақы алатын адамдар, бірақ олардың табысының төмендігі сонша, құнарлы тамақтануға да жетпейді.  Әзірше, кеңес заманынан қалған және 90-шы жылдары жекешелендірілген жылжымайтын мүлік көмектесуде, бірақ уақыт өте келе кедейлердің саны артып, «кеңестік пәтерлер» болмайды.

Көптеген адам бюджет саласындағы жалақының тым төмендігін түпкі себебі ретінде көреді. Жеке бизнес осы деңгейге назар аударып, қызметкерлерініне жалақы төлеуде үнемдейді.

Бұл туралы КИПР аналитикалық тобының «ҚР-дағы жұмыс істеп тұрған кедейлік: ауқымы, себептері және оны қысқартуға қажетті шаралар» отырысының қатысушылары айтты.

«Жұмыс істейтін кедейлер» деген кімдер?

Саясаттанушы Марат Шибутов «жұмыс істейтін кедейлерді» ресми жұмысы бар, барлық салықты төлейтін, бірақ «медиананың» үштен екісі көлемінде жалақы алатын адам ретінде анықтады.

Бұл  жұмысшылардың жартысынан астамы одан төмен не  жоғары алатын жалақы

—  2020 жылы медиана 140 мың теңге болды. Бұл соманың үштен екісі — жүз мың теңгеге жуық және одан төмен. Шын мәнінде, бұл жалақысы күн көріске жетпейтін адамдар, олар қалған қажеттілігі үшін несие алады, — деді Шибутов.

(Ескерту: 2020 маусымында медианалық жалақыны есептеу кезінде тек маусым бойы толық жұмыс істеген жұмысшылар ғана ескерілді. Сонымен қатар, олар барлық ірі кәсіпорынды және маусым айында жұмыс істеген орта және шағын кәсіпорынның тек 30%-ын зерттеді. Осылайша, ШОБ субъектілерінің басым көпшілігі есептен шықты. Нақты «медиана» одан да аз болуы мүмкін. Салыстыратын болсақ, 2019 жылы ол 112 мың теңгені құрады)

Егер отбасы мүшелеріне есептесек, балалардың санына байланысты әрқайсысына 20-40 мың теңге алынады.

Әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова бұл адамдардың біліктілігі жоғары және басқа жағдайларда олар жоғары табыс таба алар еді деп қосты. Кеңес заманында және Тәуелсіздіктің басында олар біршама жоғары табыс тапты, бірақ уақыт өте келе кәсіптердің беделі төмендеп, кірісі азайды.

— Бұл өз уақытында жақсы білім алған адамдар, олар ел дамуына елеулі үлесі қосты, бірақ қазір олардың еңбегі өте төмен бағаланады. Егер елде мұндай адамдар көп болса,

бұл мемлекеттің өзінің әділдігі мен әлеуметтік бағытына қатысты мәселе,

— деді ол.

Асаба мен дәрігердің қайсысының жұмысы көбірек бағаланады?

Құбылыстың ауқымын бағалауда қонақтардың пікірі әртүрлі болды. КИПР тобының жетекшісі Ерлан Смайлов

жұмыс істейтін кедейлерге ресми жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 33%-ын жатқызуға болады

— Егер Еуропамен салыстыратын болсақ, онда орташа есеппен 9,5%. Румынияда 18%, Испанияда 13%, Италияда 11%. Яғни, тіпті жұмыс күші артық елдерде де Қазақстанға қарағанда айтарлықтай аз. Бұл ретте Қазақстанда жалпы кедейшілік артып келеді, — деп атап өтті Смайлов.

Шибутов ЕО-да жұмыс істейтін кедейліктің төмен деңгейін жұмыссыздық бойынша жәрдемақының жоғарылығымен түсіндірді. Ол төмен жалақыға келіспеуі мүмкін, сәйкесінше, әлеуетті жұмыс беруші көбірек ұсынуға мәжбүр.

Шибутов сонымен қатар біздің қоғамға тән әлеуметтік (немесе тіпті саяси) факторды атап өтті.

— Біздің асабалар екі сағат ішінде 200-400 мың теңге, ал күні бойы жұмыс істейтін медбике айына 100 мың теңге алады

Сонда бізге асабаның жұмысы маңызды ма? Пандемия бізге кімнің маңызды және кім қажет екенін көрсетті.  Карантин кезінде асабалардың жұмыс істемегенінен  ешкімге жаман болған жоқ. Бізде көңіл көтеріп, күлетін себептер жеткілікті. Бірақ медицина қызметкерлері жетіспегендіктен адамдар қайтыс болып жатты, — деді ол.

Шибутов мемлекет ел нарығындағы жалақының төмендігіне, дәлірек айтқанда, мемлекеттік қызметкерлерге арналған тарифтік кесте кінәлі екеніне сенімді. «Жұмыс істейтін кедейлердің» басым көпшілігі бюджет саласында жұмыс істейді. Мемлекеттік жалақының деңгейін білетін жеке кәсіпкер де қызметкерлеріне артық ақша (олардың көзқарасы бойынша) бермейді. Сондықтан бюджет қызметкерлерінің жалақысын тікелей көтеру немесе әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктермен өтеу қажет.

Кейбіреуінің ақшасы тіпті тамағына да жетпейді

Илеуова да Шибутовты қолдады, жалақыны көтеру туралы ұсыныс көптен бері айтылып келе жатқанын еске салды. Бірақ олардың еш нәтижесі болмады дейді.

Дәлел ретінде «инфляцияның үдеуін» келтірді

— «Нарық бәріне төрелік етеді» деген тұжырымдама болды. Жалақы балансы белгілі бір экономикалық орындылыққа негізделген табиғи жолмен тепе-теңдікке келеді деп үміттенді. Қазір не көріп отырмыз? Мемлекет жалақыға қатысты басты заң шығарушы, жеке меншік иелері мемлекеттік сектордағы төмен жалақыға назар аударады, ал басқа секторлардағы күрт серпіліс (өндіруші өнеркәсіпті қоспағанда) болуы мүмкін емес, — деді ол.

Илеуованың бағалауы бойынша, елде экономикалық белсенді халықтың 20-25%-ы «жұмыс істейтін кедейлер». Оларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші тапқан ақшасы тамағына жеткенімен, бірақ киім мен аяқ киім ала алмайтындар. Екіншілері табысы тамағына да жетпейтіндер.

Мәжілісмен Айқын Қоңыров Қазақстанда

халықтың жартысына жуығы табысы төмен ауылдық жерлерде тұратынын еске салды

Кейбірі қалаларда да тұрады. Оның есептеуінше, «бүгінде экономикалық белсенді халықтың шамамен 70%-ы өздерін кедейлер санатына жатқыза алады». Цифрмен айтқанда бұл 5-6 млн адам.

Қоңыров бүгінгі таңда долларға шаққандағы орташа жалақы соңғы 12 жылда ең төменгі деңгейге жеткенін айтты. Бұл ретте халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерінің басым бөлігі шетелден әкелінеді, ал есеп айырысулар валютамен жүргізіледі. Тиісінше, халықтың сатып алу қабілеті де төмендейді.

Әлсіз мемлекет өз олигархтарынан жеңіледі

Шибутовтың пікірінше, бізде жағдай 90-шы жылдардағы  пәтерлер мен жер учаскелерін жекешелендірудің арқасында біршама жеңілдеді.

Осының есебінен бізде жылжымайтын мүлік иелерінің үлесі (55-60%)  дамыған елдермен бірдей

Сондықтан да,  кедей халықтың көбінің өмір сүретін жері бар.

— Сондықтан біз бұл кедейлерді көрмейміз. Кейін жеке пәтерлері жоқ, жалдау ақысын төлеуге мәжбүр адамдар көбейген кезде, бәрі байқалады. «Жұмыс істейтін кедейлік» өздігінен тұрақсыз: ойда жоқта жұмысынан айырылса, олар бірден қайыршы болады. Ал оның жылжымайтын мүлкі болмаса, үйсіз қалады. Сонда ғана  біз шынайы масштабын көреміз, — деді ол.

Шибутовтың  айтуынша,  «мемлекеттік» жалақының төмендігі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Себебі егер адам жеткілікті табыс тапқысы келсе, ол бюджет саласынан аулақ болады. Нәтижесінде біз жаман полиция, әскери, мұғалімдер және т.б. аламыз.

— Саяси тұрғыдан алғанда, мұндай жағдай мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда да, өз ішінде де әлсіреп, кейбір корпорациялардан төмен және т.б. болады. Бұл құрылымдар бәсекеге қабілетті бола бастайды және мемлекетке қысым жасай бастайды. Бұл үлкен мәселе, —  деді ол.

Жалақы да өсті, баға да көтерілді

Илеуова екі мыңыншы жылдардың басында қоғамда «балалардың болашағына» деген үміт әлі сақталғанын еске салды. Олар өсіп, бай болады, біз қазірше шыдай тұруымыз керек деді. Бірақ қазірдің өзінде кедейшілікте туылғандардың көбінің жоғары деңгейге көтеріле алмайтыны белгілі болды (және бұл әлеуметтік сауалнамалармен расталады).

—Бізде әлеуметтік тауашаларда нақты орнығу және кедейліктің арту процесі  жүріп жатыр. Олар өздеріне жоғары мақсат қоя алмайды. Ел біз бір кездері керемет күш-жігер жұмсап шыққан батпаққа қайта батып бара жатыр, — деді Илеуова.

Ең төменгі жалақыны көтеруге қарсы адамдар бюджетте бұған қаражат жоқ деп дәлел келтіреді. Алайда, Смайлов іс жүзінде ақша табылады, бірақ нағыз қажеттілікке жұмсалмайды дейді.

Егер мемлекеттік компаниялардың шығынын оңтайландырса, банктерді құтқаруды тоқтатса, ақша жеткілікті болады, тіпті артылып та қалады

— Бізді үнемі инфляцияны айтып қорқытады, жалақыны көтерсек, бағалар көтеріледі дейді. Бірақ жалақыны көтермегенімен, баға бәрібір шарықтауда.

«Алдымен бизнес — содан кейін адамдар» формуласы жұмыс істемейтінін түсіну өте маңызды. Бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Бюджет саласындағы ең төменгі жалақыны көбейтсек, еңбек нарығы тиісінше жауап қатады. Жеке сектордағылар бюджетте жұмыс істеу  неғұрлым көбірек бағаланатынын көріп, сол секторға көшуді бастайды. Сонда ШОБ өз кезегінде жұмыскерлерді қайтару үшін жалақыны көтере бастайды. Бүгінде ШОБ-та жалақы да аз, өйткені жалпы планка төмен,  жұмыс берушілер мұны түсінеді, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз