Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғызстанмен шекарасында орналасқан Қордай ауданында 7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні орын алған тәртіпсіздіктер Қазақстан қоғамының кемелдігі сынға түскен сәт болды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат маңызды рөл атқарды. Соның ішінде, жалған ақпараттың ықпалы жоғары болды.
Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақ, қырғыз және дүнген ұлттары бірге тұратын ауылдар бар.
Қытайдан шыққан мұсылман дінін ұстанатын Хуэйцзу дүнгендері қазақтың Ноғайбай деген биінің арқасында 140 жыл бұрын Сортөбе және Масанчи ауылдарына қоныстанған
Мен журналист ретінде Сортөбе ауылында өткен үлкен мерекелік шараға қатыстым. 2018 жылы 22 қыркүйекте ауыл орталығында Ноғайбай биге арналған ескерткіш ашылды. Онда: «Жетісудың көрнекті мемлекеттік қайраткері Ноғайбай биге (1834—1910) дүнген халқы аса құрмет білдіреді» деген жазу жазылған.
Қазақтар, дүнгендер, орыстар мен өзбектер араласып, үш тілде де (қазақ, орыс, дүнген) сөйлейді. Дүнген тілін қытай тілі деуге де болады. Соның арқасында қазақстандық дүнген балалары кәсіби қытай аудармашылары ретінде қызмет атқарады.
Дүнгендердің басым бөлігі ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрге сәйкес өмір сүріп, ауылшаруашылығы және саудамен айналысады. Отбасы мен қоғамның әрбір мүшесі өзінің орны мен рөлін біледі. Әйелдер бала тәрбиесімен, үй шаруашылығына көңіл бөледі, еркектер күн көріс қамымен жүреді. Қалада пияз, сарымысақ және басқа да жеміс-жидектерді сатып, жақсы ақша табады.
«Дүнгендердің бақытының құпиясы патриархалды тәрбие, сенімнің беріктігі мен дәстүрді құрметтеуден тұрады. Олар билікке ұмтылмайды, алақан жайып ешкімнен ақша сұрамайды және 2020 немесе 2030 секілді бағдарламалардың нәтижесін күтпейді.
Дүнгендер тек осы жерде және қазір өмір сүріп, жұмыс істейді
Маған олар Қазақстанда өз алдына жеке өмір сүріп, өздерінің жұмақ мекендерін құрып алғандай көрінді» , — деп жаздым мен Сортөбедегі кездесуден кейін.
Әрине, мен сырттай ғана осылай көрінетінін түсіндім. Ауыл үлкен, халқы жас, жастардың арасында кей кездерде келіспеушіліктер болып тұрады. Маған ірі көлемдегі қақтығыстар этносаралық сипат алатын болса, барлығы жабылып басуға тарысатын деп айтқан болатын. Сортөбе мен Масанчи ауылдарының ақсақалдарын барлығы сыйлайды, осындай қақтығыстарда олар соңғы шешімді айтады.
Ақпанның 8 мен 9 аралығында әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен шетелдік сайттар, соның ішінде батыс журналистерінің твиттерлері Қордайдағы жағдайлар туралы видеоматериалдарға толып кетті. Олардың барлығын санамалап жатудың қажеті жоқ.
Тіпті «Әл-Жазира» телеарнасының өзі қазақтар коронавирус үшін өш алып, қытайлардың үйін өртеп жатыр деп жазды. Бұл қабылдауға болмайтын қисынсыз ақпарат. Бірақ
ақпарат таратудағы жаңғырық әсерін ешкім жоқа шығара алмайды
«Twitter әлеуметтік желісінде жағдайды коронавируспен байланыстырған ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі жалған ақпарат тарап кетті. Олардың көбінің мағынасы қазақстандықтар «коронавирус тарағандықтан қытайлардың үйлерін, дүкендері мен ресторандарын өртеп жатыр» дегенге саяды. Бұл хабарламаны қарапайым желі пайдаланушылары ғана емес, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері де таратты», — деп жазды Factcheck.kz.
Журналист Асель Джанабаева Factcheck.kz. порталының бас редакторы. Оның ойынша,
жалған ақпараттың пайда болуы үшін көп нәрсе керек емес
Сарапшы Жанна Тулиндинова өзінің Facebook-тағы парақшасында жалған және толық емес апаратқа құрылған болжамдар, интрепретациялар, эмоциялық бағалар біз ойлағаннан да жаман жағдайға әкелуі мүмкін», —деп жазды.
«Жалған ақпараттар мен анонимдік жазбаларды ең алдымен қоғамдық сананы өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланады».
Сарапшының пікірінше,
Кез келген қоғамның азаматтық кемелдігі оның дағдарыстарды еңсере алу мүмкіндігімен өлшенеді
Қоғам осындай қиындықтарды жеңе отырып, әлеуметтік мобилизация, ақпаратты тұтыну және тарату алгоритміне, жалған әңгімелер мен сенімсіз дереккөздерді тану, оларға жауап қату дағдыларына ие болады», — деп есептейді.
Шындығына келгенде, ресми ақпараттың болмауы жалған ақпараттың пайда болуына ықпал етеді. Мұның бәрі билік өкілдерінің айдан анық нәрсеге көз жұма қарауынан. Ел тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шенеуніктің барлығы Қазақстанда этносаралық қақтығыс жоқ деген ұранмен қызмет етті.
«Этносаралық келісім» термині белгілі бір дәрежеде мантра секілді болып кетті. Күнделікті қайталап жүргенмен, оның не екенін, қандай дәрежеде екенін ешкім білмейді, түсінбейді және түсінуге талпынбайды.
Саясаткер Толғанай Умбеталиева «этнос» деген түсінікті алып тастауды ұсынады. Біз бәріміз осы елдің азаматтарымыз.
«Ең бастысы — адам мен оның құқығы, этносқа еш жерде, әлеуметтік зерттеулер жүргізген кезде де, статистикалық мәліметтерді талдағанда да басымдық бермеу керек», — деп есептейді саясаткер.