Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Неліктен хайуанаттарды қорлайтын қатыгездерді түрмеге отырғызбайды? – зооқорғаушының пікірі

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде хайуанаттарға қатыгездік жасалған 33 оқиға тіркелді. Жануарларға қатыгездік жасалған барлық оқиғалар Алматы облысында, Нұр-сұлтан мен Шымкент қалаларында орын алды. Олардың әрқайсысында 2021 жылдың басынан бастап осындай 5 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Антирейтингтің төртінші және бесінші орындарын Алматы мен Қарағанды облысы иеленді.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте 316-бап бар: жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін 2 жылға дейін қылмыстық немесе шартты түрде бас бостандығынан айыруға болады

Сондай-ақ, 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Осының барлығы ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен реттеледі.

Статистика дұрыс емес, бап жұмыс істемейді

Зооқорғаушы және республикалық экологиялық қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Снегиревтің айтуынша, құқық қорғау органдары  бұл баппен жұмыс істей алмайды. Баптың өзі де қолдануға мүлде ыңғайлы емес. Сондықтан хайуанаттарға қатыгездікпен қарау оқиғалары іс жүзінде тіркелмейді.

– Статистикада көрсетілген 33 оқиға – бұл өзекті көрсеткіш емес. Ақпараттық кеңістікке енбеген және құқық қорғау органдарында тіркелмегендерді пайызбен есептегенде, бұл үлкен көрсеткіш.

Біз, зооқорғаушылар, мұны ішкі тұрғыдан көреміз – бұл көрсеткіш бірнеше есе жоғары және ол барлық уақытта тұрақты.

Неліктен құқық қорғау органдары 316-бапты онша ұнатпайды, ал құқық бұзушылар үшін бәрі «аздап қорқытумен» аяқталады? Себебі ондағы тұжырым: “Қасақана жарақаттау немесе өлтіру”.

Сергей Снегирев

Ал қасақана әрекетті дәлелдеу керек. Егер адам «өтірік білмегендей кейіп танытса» – мұны білмеген, олай істегісі келмеген болса – жауапкершілік одан толықтай алынып тасталады. Қазір хайуанаттарды өлтіргендерге 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Егер бұл әрекеті ерекше қатыгездік әрі өрескелдік болса, оларды «бұзақылық» немесе «қоғамдық қауіптілікті» қосу арқылы 10-15 тәулікке қамауға алуға болады.

Онымен жұмыс істеуді жеңілдету үшін осы бапты әкімшілік және қылмыстық деп бөлу қажет

Өйткені абайсызда құқық бұзу деген болады – мысалы, байқамай қалу бар, бірақ әдейі істейтіндер де бар. Сондықтан жануарларға қатыгездік жасау туралы түсінікті кеңейту керек – дейді Снегирёв.

Хайуанаттарды өлтірушінің портреті

– Сергей, айтыңызшы, жануарларды азаптауға кім бейім?

– Мұндай зұлымдықтардың шамамен 50%-ын кәмелетке толмағандар жасайды. Қалған 50% – дүбәрә типке жақын адамдар. Себебі білімді әрі саналы адамдар мұндай әрекетке бармайды.

– Кәмелетке толмағандар мен ересек адамдар үшін жануарларға қатыгездікпен қараудың жазасы әртүрлі ме?

— Қазақстанда кәмелетке толмаған азамат қылмыстық немесе әкімшілік кодекстің нысаны болып табылады. Сондай-ақ, бізде ата-ананың өз міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарға арналған жауапкершіліктің алдын алу шаралары бар. Ересектер өз балаларының әрекеттері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша жауапқа тартылады. Қазір органдар оны іс жүзінде пайдаланбайды.

Соңғы уақытта балалардың жануарларды аяусыз өлтірген резонансты оқиғалары көп орын алды. Жаза ретінде оларға айыппұл да салмады.

Тек профилактикалық әңгімемен шектелді.

Күніне бір оқиға

– Неге бұлай болып жатыр?

— Өкінішке орай, біздің елде хайуанаттар құнды болып саналмайды. Көбінесе оларға қоқыс сияқты қарайды. Ал тәртіп сақшылары оған уақыт жоғалтқысы келмейді. Сонымен қатар, оларда тәжірибе жоқ – олар бұл мәселелермен айналысуға тәуекел етпейді. Шартты түрде, егер жедел уәкіл немесе тергеуші анықтау немесе тергеу процесінде қателік жіберіп, сотқа сапасыз материал жіберсе, ол, әрине, «жазасын алады».

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл мәселеде құқық қорғау органдарында құзыреттілік жетіспейді.

— Егер жануарларды қорлау оқиғалары жиі кездесетін аймақтарды талқыласақ?

– Көбінесе бұл елдің батысында орын алады. Бірақ, әдетте, бұл тек көпшілікке мәлім эпизодтар. Жалпы, жануарларға қасақана қатыгездік жасау оқиғасы күніне бір рет болып жатады.

Итті өртегендер табылған жоқ

— Соңғы уақытта сіздің тәжірибеңізде аса өрескел жағдайлар болды ма? Бұл туралы қайдан білесіздер?

– Әдетте қоғамнан, көпшілік арқылы білеміз. Яғни, бір куәгер табылады. Егер реті келсе ол адам материалды бейне таспаға түсіріп алып, жануарларды қорғау мен жануарларды құтқарудың аймақтық топтарына береді. Мұндай адамдар әр аймақта бар және олар осы мәселелер бойынша шағым түсіруге дайын. Өрескел оқиғаға қатысты айтсам,

Мені есеңгіреткен жағдай, жақында итті тірідей өртеп жіберген оқиға болды. Итті тұзаққа түсіріп, үстіне жанғыш қоспаны құйған – желіде осындай бейне таспа пайда болды

Хайуанаттарды қорлаушылардың әрекеттері, әрине, қатыгездігімен таң қалдырады, көптеген адамдар осы оқиғаға ашуланды. Бұл қай аймақта болғаны белгісіз. Дауыстарына  қарағанда, ересек адамдардың әрекеті. Тергеу шаралары әлі де жалғасуда, істің өзі басшылықтың бақылауында. Бірақ қандай да бір себептермен хайуанаттарды өлтірушілерді анықтау ұзаққа созылуда.

Бас бостандығынан айыру мерзімі қолданылмайды

– Егер оларды тапса, живодерлер қандай жазаға тартылуы керек?

— Бұл іс бойынша қылмыстың ауырлығына сәйкес бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық мерзім белгіленуі тиіс. Себебі мұнда айрықша қатыгездік пен арсыздық бар. Бір топ адам тобы өлтіргендігі де маңызды. Бірақ егер олар табылса да, қысқа мерзімді шартты жазамен құтылады-ау деп күдіктенемін – көп болса бір-екі ай. Бізде қағаз жүзінде түрмеде өтеу мерзіміне кесілсе де, іс жүзінде ол ешқашан қолданылмаған.

Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жазасын өтеп жатқан адам жоқ.

Жарты жыл бұрын ІІМ Президенттің тапсырмасы бойынша осындай әрекеттер үшін жазаны күшейту туралы ұсыныс енгізді. Бірақ мұндай жағдайлар аз емес. Сонымен,

маусым айында Петропавлда, көпқабатты үйдің ауласында ерлі-зайыптылар көпшіліктің көзінше итті пышақтап өлтіріп тастаған

Егер  заң тілімен айтатын болсақ, бұл итті өртеумен бірдей. Мұнда арсыздық та, ұйымдастырушылық та, адамдар тобы да және айқын қатыгездік те бар. Сондай-ақ әкімдіктердің немесе мәслихаттардың жергілікті ережелерін бұзу да бар. Біздің елде ит еті мен терісінің айналымына тыйым салынған. Сату немесе тағам ретінде тұтыну мақсатында өлтіру ерекше қатыгездік болып табылады.

Мейрамханаларға арналған иттер

– Корей мейрамханалары үшін иттерді өлтіру де заңсыздық па?

– Иә, бұл біздің елімізде мүлдем заңсыз құбылыс. Иттің еті азықтық ет емес, сондықтан мұндай өлтіруді жануарға қатыгездік ретінде қарастыруға болады. Азықтық етке жарамды – сиырларды, қойларды, шошқаларды және басқаларын сою біздің арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі. Жануарлардың қиналмай жылдам өлуі стандартталған. Онсыз мүмкін емес екенін бәрі жақсы түсінеді. Мұнда, кем дегенде,  малдарды мүмкіндігінше ауыртпай және азаптамай өлтіруге тырысады. Ал иттерді кездейсоқ тәртіппен өлтіреді.

Корей мейрамханаларының мәзірінде көрсетілген ит етінен жасалған тағамдарды сату заңсыз болғанына қарамастан, бізде ешкім оларды жазаламайды

Қоғамдық тамақтану орнында белгісіз еттен тамақ әзірленетінін дәлелдеу үшін оны сараптамаға жіберіп, оның шынымен ит еті екенін білу керек. Бірақ бізде бизнесті тексеруге мораторий жарияланған, бұл осы процесті реттеуге қиындық туғызады. Жалпы, бұл құбылыс жезөкшелікке қатысты іске ұқсайды – заң жеңіл жүрісті әйелдердің қызметіне жүгінуге де, иттің етін жеуге де тыйым сала алмайды. Бірақ иттерді өлтіру және ит етін сатудың ұйымдастырушылық процесі – ауыр қылмыс болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз