Қарағандыда түнде бір жігіттің үйіне қайтып бара жатқан бойжеткенді аяусыз сабаған видеосы желіде пайда болды.
Бұл видео Instagram желісіндегі esil.media парақшасында жарияланды.
Онда жігіттің өзімен өзі тұрған қызды арты жағынан келіп ұрып, құлатып тастағаны анық көрінеді. Онысымен қоймай, ол жерде жатқан қыздың бетінен теуіп талдырып, киімін тінти жөнеледі.
26 жастағы ер адам қыздың ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен. Полиция оқиға болғаннан кейін 3 сағаттан соң ер азаматты бір кафеде көңіл көтеріп отырған жерінен қолға түсірген.