Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Неге айтпаймын?! Белгілі уағызшы еліміздегі салафиттердің аты-жөнін жайып салды (видео)

276

Тіпті, осы бір қауіпті ағымдарды Қазақстанның өне-бойына астыртын таратып отырған адамдардың аты-жөндерін де атапты. Алайда арасында біз ойлаған немесе біз болжаған тұлғалар жоқ. Смановтың айтуынша, Қазақстанда салафизм ағымының тамыр жаюына – Ділмұрат, Ринат және уағызшы атын атамауды жөн көрген Душанбеден келген тәжік жігіті себепкер болып отыр.

“Бұлар бізге басшылық етіп отыр. Олар өздерінше анау “биғдат”, мынау “биғдат” дейді. Бейшараларда білім жоқ. Жағамызды ұстатып “Өлікке құран оқылмайды” дейді. Сонда оларды қайда тастаймыз? Бұлар Мұхаммед пайғамбардың өліктерге қатысты айтқан хадисін қайда тастайды екен?” депті Әбдіғаппар Сманов

Сманов айтқандай салафиттерді қолдайтындар кім? Бұл үшеуі де шеттен келген. Демек, іште бұларды шақыртқан және бұлардың келуіне мұрындық болған тағы бір топ болуы тиіс қой? Біз емес, ел айтады. “Бекболат Тілеухан мен Дарын Мубаровтан және бұлардың жанында жүретін «Асыл арна» телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабековтен қауіптенеміз” дейді. Смановтың оларға қатысты ой-пікірі қандай екен?

Айтпақшы, мұнымен шектелмеген. Сауд Арабиясына барғандағы көрген әсерімен бөлісіпті.

“Оларда құрмет, ізет деген нәрсе жоқ…Біреудің құлы болып қалмайық. Сол жерде бір арабпен ерегесіп қалдым. “Сендер дұрыс мұсылман емессіңдер” дедім. “Неге?” деді. “Біз ұзақ жыл орыстың қол астында болдық. Дінімізден айырыла жаздадық. Егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, мешіттеріміз ашылып енді оған имандық қылатын адам болмағаннан кейін сендердің жұрттарыңа жібердік. Бұл жер пайғамбардың жұрты ғой. Құран шыққан ел ғой деп жібердік. Ал сендер бізге не қайтардыңдар?” дедім. Үндемеді…” дейді Сманов.

Айтпақшы, осы уағыздың видеосын салып отырмыз. Көріп ой-пікіріңізді білдірсеңіз, мархабат.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз