Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкенттегі Н.Оңдасынов атындағы №38 мектептің мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева ғаламторға өзінің жанайқайын жариялаған болатын.
Оның айтуынша, мектеп директоры әкімшілік тарапынан түскен бұйрықты орындай алмағаны үшін ұстаздың ар-намысына тиген және өзінің орынбасарына ұрғызған екен. Алайда қарсы тараптың айтар өз уәждері бар болып шықты. Олар «жалған жала жапты» деген айыппен Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен сотқа шағым түсірген.
https://kaz.365info.kz/mygalim-direktor-videoga-tysirip-orynbasary-byjirimnen-tepti-video-263519
«Комиссия жұмыс жасап жатыр, әлі аяқталған жоқ. Мұғалім Сәлімбаеваны арнайы шақырып, сөйлескенім рас. Себебі екеуі де біздің Қазақстанның азаматы, өз құқықтарын қорғай алады. Меніңше бұл директор мен оқытушы арасындағы дау-дамай сияқты… Енді мен кінәлі мынау деп кесіп айта алмаймын.
Толық зерделеуді қажет етеді. Мектеп басшылығы мұғалімнің айтқан уәждерімен «келіспеймін» деп үстінен сотқа шағым түсірді. Басшылық «ұрған да жоқпын, соққан да жоқпын» деп отыр. Дәлелдері де бар», – деді білім бөлімінің басшысы.
Оның айтуынша, ұстаздарға үй аралау туралы тапсырма берілмеген.
Дереккөз: qasym.kz