Психолог Ирина Новактың айтуынша оның клиенттерінің арасында уайымшыл адамдар көбейіп кеткен. Қазақстанның ең ірі екі қаласындағы карантин бұл жағымсыз статистиканы тек артыратын секілді.
— Ирина, кеше мен коронавирус анықталған тұрғын үй кешендерінің бірінде болдым. Ауданды қалай қоршап алғанын, адамдарды ресторандар мен кафелерден шығарғанын көрдім. Шынымды айтсам, қорқынышты болды, көптеген адамдар үрейлене бастады. Қалай ойлайсыз, үрей адамның табиғатына байланысты ма, әлде оның белгілі бір себептері бар ма?
— Соңғы уақытта өте қатты уайымшыл клиенттер жиірек келе бастады. Адамдар барлығынан: ұшудан, тыныс алудан, өлімге әкелетін ауруымен ауырудан және өлуден қорқады. Өзін және балаларын уайымдайды.
Адамдар барлық жерден қауіп-қатер көріп тұрады, сондықтан олардың миы алдын ала сақтандырып, олардың қорқынышпен өмір сүруіне себеп болады
Қауіпсіздік біздің ішімізде, санамызда болы керек. Ең алдымен — басымызда. Содан кейін ғана физикалық тұрғыдағы қауіпсіздік болуы керек. Бірақ қауіп, қорқыныш сезімі күннен-күнге артып кетеді.
— Неліктен адамның психикасы әлсірей бастады?
— Психологтар бұның себептері көп дейді. Бірақ ең басты екі себебі бар.
Біріншісі— экономикалық тұрақсыздық, ол күйзеліске алып келіп, иммундық жүйеге үлкен соққы жасайды.
Екіншіден — БАҚ-та дұрыс ақпарттың таратылмауы. Мен бұрын идеологиялық жұмыстар жасаған қызметкермен. Сондықтан
елең еткізетін фактілер адамның психикасына өз әсерін тигізетіні сөзсіз
Сөз қай кезде де күшті қару болған, ал БАҚ әрқашан адамдардың сана-сезіміне әсер ете білді. Алайда соңғы 20 жылда нақты идеологиялық парадигма жоқ болғандықтан, миымыз барлық соққыны қабылдауға мәжбүр. Экранда тек қайға-қасірет, соғыс, зорлау, өлім ғана көрсетіледі. Интернет қорқыныш вирусын бәр сәтте әлемге таратып жібереді. Бұның бәріне жаңа вирус туралы ақпарат қосылды.
1970 жылы да осындай вирус болды, бірақ бұндай үрей болған жоқ
Сондықтан адамдардың сана-сезімі барлығын бірдей қабылауға бейім және уайымшыл болып кетті. Бұған БАҚ та өз үлесін қосты.
— Көптеген адамдар үшін жұмысқа бармай үйде отыру қиын екен…
— Бұның өзіндік пайдасы да бар. Жақындарыңмен бірге болып, уақыт өткізу мүмкіндігі туды деп қабылдау керек.
— Карантин кезінде және теңге құлдыраған сәтте шағын және орта бизнес те белгілі бір қиындықтарға тап болды. Адамдар жұмыс жоқ, яғни табыс та болмайды деп қорқады. Клиенттер алда не болатынын білмегендіктен кейбір қызметтерден бас тартуда. Осындай үрейді жеңу үшін қандай кеңестер берер едіңіз?
— Егер карантинге қатысты жағдайды қол-аяғының байлануы деп қараса, белгілі бір күйзелістің болатыны анық. Ал қысқаша еңбек демалысы ретінде қараса, барлығы сіз ойлағандай жаман және қауіпті болып көрінбейді.
Үрейді қалай жеңуге болады?
Ең алдымен нақты жағдай мен ол туралы біздің ойымыздың екі түрлі нәрсе екенін түсіну керек
Бұл мәселеге басқа қырынан қарауға көмек беретін бір жақсы психологиялық кейс бар. Екі адамды елестетіп көріңіз: біреуі —табысты бизнесмен, екіншісі — өзін өзі жоғалтып алған, араққа салынған, тәуелді адам. Біріншісінен сен бұндай табысқа қалай қол жеткіздің деп сұрапты.
Жауабы: «Менің әкем алқаш болған. Менің басқа амалым болмады!».
Екіншісіне де бұл сұрақты қойғанда:
Ол: «Менің әкем алқаш болған. Менің басқа амалым болмады!» деп жауап берген.
— Ең қарапайым психологиялық таблетка ретінде сіздің қорқыныштарыңыздың тізімін пайдалануға болады. Оларды тізіп жазып шығу керек. Не үшін дейсіз ғой? Сіз өзіңіздің нақты неден қорқатыныңызды білуіңіз керек. Қолыңызда олардың тізімі болса, немен жұмыс істеу керегін білесіз. Ары қарай
тізімнен ең қорқышықты ойды алып қараңыз, мысалы ақша болмайды деген ойды
дауыстап айтыңыз да, бірден өзіңізге «Стоп!» деңіз. Бұл сиқырлы сөз сіздің жағымсыз ойларыңызды тоқтатады. Сіз қатты жылдамдықпен көлік айдап келе жатып, бірден тежеуішке басқандай болуы керек. Стоп!
Ойларыңыз бір сәтке тоқтайды. Сол сәтте мен неліктен бұлай ойлаймын деп сұрау керек.
Бұл ментальды тәжірибе ойлау триадасы деп аталады. Сіз басыңызда ақша болмайды деген теріс шешімді ұстап тұрасыз. Кеңірек ойлап, әртүрлі нұсқаларды қарастырыңыз. Бір аптадан кейін, бір-екі айдан кейін жағдайыңыздың қалай болғанын қалар едіңіз?
Бұл туралы жақсырақ ойлану керек. Біз бір айдан кейін сізде бір миллион болады дегенді айтып отырған жоқпыз. Санамызда ақша табудың жолдарын қарастырып отырмыз. Ең бастысы, бұдан кейін жағдайыңыз жақсарып қалады.
Сабырға келіп,
жағдайға қарай бизнесті, жұмысыңыз бен қызметтеріңізді қалай қайта құруға болатынын түсінесіз
1.Күн сайын “Мен өмір сүргім келеді!” деп жүз рет қайталап, жазыңыз.
2. “Қалай да мен бәрін жеңемін” деген плацебо-фразаны білу керек. Қолыңызды қанша рет жусаңыз, оны сонша рет қайталау.
3. Дем алу. Жай ғана дем алу керегін есіңізге түсіріңіз! ! Әсіресе қатты алаңдаған кезде.
4. Жақсыға қосылу техникасын пайдаланыңыз.
Үнемі қайғырып, қорқып, ұрысып және барлық жамандықты жинап жүретіндердің қатарынан кетіп, «Өмірден тек жақсылықты көріп өмір сүретін адамдардың» қатарына қосылыңыз.
Өз өзіңізге көмектесіңіз. Өзіңізді түсініп, дамытатын уақыт. Кім біледі, жаһандық карантин осы үшін ойлап табылған шығар.
—Тағы да бір сұрағым бар. Жақында халық неліктен жаппай дәретхана қағазын сатып алып жатыр деген сұрақтың қызық жауабын естідім. Қорқыныш пен үрей кезінде тоқ ішек әлсіреп кетеді дейді? Бұл теория шындыққа жанаса ма? Қалай ойлайсыз?
— 2012 жылы Еуропада бизнес ашқым келген. Бизнестің тілімен айтқанда, адамдардың осал тұсын іздеп, оны өзімнің бизнес-ұсыныстарыммен қанағаттандырғым келді.
Дәретхана қағазының тапшылығы туралы білген кезде мен таңқалдым ! Сол кезде Еуропа, атап айтқанда Италияда оның жетіспейтіні байқалған. Ол кезде вирус жоқ еді, бірақ дағдарыс болды. Содан бері ештеңе өзгергенмеген. Тапшылық тапшылық болып қалды. Адамның тік ішегі бұл туралы ештеңе білмейді. Кез келген дағдарыс адам өмірінің барлық осал жерін шиеленістіреді. Бұл біреулерге күлкілі нәрсе болғанымен, бірқатар еуропалық елдерде дәретхана қағазы жетіспей жатыр.