Рустам Азимов Өзбекстан премьер-министрі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.
Ақпаратқа қарағанда, оның орнына қаржы министрінің бірінші орынбасары болған Жамшид Кучкаров барған. Рустам Азимовтың қандай қызметке барғаны әзірге белгісіз.
Рустам Азимов 2016 жылдың 13 қыркүйегінде вице-премьердің бірінші орынбасары және қаржы министрі қызметтеріне тағайындалып, әрі шетел инвесторын тарту жөніндегі мекеменің жетекшісі болған.
Таяуда ғана Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Рустам Азимовты банк жұмыстарына қатысты сынға алып, “қызметіңнен аламын” деп ескерту жасаған болатын.