Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Не болды, шаршап қалғансың ба?..”. Елбасы Дүйсенованың қай жерден жаңылғанын айтты

“Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет.

Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?”,

– деді Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.

Министр Тамара Дүйсенова өз кезегінде ведомствоның көп жұмыс атқарғанын айтып өтті.

“Нұрсұлтан Әбішұлы, біз көп жұмыс атқардық. Бүгінде сіздің тапсырмаңызбен барлық 18 миллион адамның статусын анықтадық. 2,7 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 1,5 миллионы қалды. Оларға қатысты мәліметтер өңірлердің әкімдеріне берілді”, – деді Дүйсенова.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз