2018 жылғы 27-28 қарашада Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбына Қазақстанның VIII Азаматтық форумы өтті.
Аталған форумның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы азаматтық қоғамды қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін диалогқа қатысушылардың күш-жігерін біріктіру мен мемлекеттік басқару үрдістіріне азаматтық қатысуды белсендіру үшін азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының ашық диалогын дамыту.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Қоғамдық министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы.
Форумның қосарлас ұйымдастырушысы – “Астана” халықаралық қаржы орталығы, «Men senemin» азаматтық бастамалар конференциясының ұйымдастырушысы – «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры» ЖҚ.
Форум жұмысына ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік және бизнес құрылымдар, қоғамдық кеңестер және т. б. өкілдері қатысты.
Форумда азаматтық даму саласындағы 100-ден астам кәсіби сарапшылар, 25 министр және вице-министр, депутаттар, белсенділер сөз сөйледі. Форумның бас спикері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды.
Форум қатысушылары Қазақстанның Азаматтық Альянсымен әзірленген Қазақстан Республикасының тұрақты және тиімді дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасымен танысты.
VIII Азаматтық Форумның салтанатты ашу рәсімін Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті мен Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өткізді.
«Біздің Азаматтық форум – нағыз азаматтардың форумы. Бұл форум аз сөйлеп, сөзбен емес, іспен дәлелдейтіндердің форумы. Бұл форум сөйлеп, сөйлеген сөздің бәрін іс жүзінде дәлелдейтіндердің, Қазақстанның азаматтық қоғамын дамытатын азаматтардың форумы», – деді Асылбек Қожахметов.
Біз бірінші кезекте осы салаға қатысты қандай да бір нормативті-құқықтық актілер, саяси шешімдерді қабылдау үшін сіздерді тыңдап, пікірлеріңізді білуіміз керек. Біз мемлекет пен азаматтық қоғам арасында лайықты диалог орната аламыз деп ойлаймын. Бірақ біз бұл жерге пікір алмасу үшін жиналып отырмыз. Осындай жақсы кездесулерде бірталай әңгіме айтылады. Бүгін және ертеңгі әңгіме нәтижелері биліктің, елдің құлағына жетуге толық мүмкіндігі бар», – деп айтты министр Дархан Кәлетаев. «Сегізінші рет өткізіліп жатқан форумның орны да, жөні де бөлек.
Форум аясында семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен салалық кездесулер форматында 35 тақырыптық сессия өтті. ҮЕҰ өкілдері жеке тақырыптарды талқылауға қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге және қоғамның нақты міндеттері мен мәселелерін шешуге көмек көрсетуге мүмкіндік алды.
Тақырыптық сессиялар мемлекеттік органдарды жаңғырту, медиа мен жариялылық, экология және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік кәсіпкерлік пен инновациялар, тұтынушы құқықтарын қорғау, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен мектептердің рөлі және т.б. сияқты өзекті мәселелер талқылауға арналған болатын.
Форумның бірінші күні «Men senemin»азаматтық жобалар конференциясы ұйымдастырылды, онда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері азаматтық қоғамды одан әрі дамыту туралы пікір алмасқан болатын.
Конференция спикерлері:
Адель Смит – республикалық арна журналисты, азаматтық белсенді, баларарға көмекпен байланысты азаматтық бастамаларға қатысушы
Шолпан Айтенова – Сорос Қорының Open Budget Fellowship жобасының басшысы
Ольга Султанова – Қазақстандағы театр фестивалінің негізін салушы
Ақмаржан Көшербаева – әнші, қоғамдық қайраткер, UNFPA бағдарламасының ұрпақ жаңғырту денсаулығы бойынша амбассадоры
Айжан Әлжанова – ерекше балалардың аналарына арналған «Мама PRO» тренинг орталығы мен коворкингінің негізін қалаушысы
Аида Балаева – Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлім меңгерушісі
Тимур Коробейников – жақындары инсультке шалдыққан отбасыларға жәрдем мен көмек орталығының негізін салушысы
Айжан Ергешова – жастар белсендісі
Әлішер Садық – «Жүректен жүрекке» волонтерлік тобының басшысы.
Дмитрий Жуков – «Көк Жайлауды қорғайық» ынталы тобының қатысушысы , қаржы талдампазы.
Форумның басты тақырыптарының бірі Тұрақты даму мақсаттарын енгізу мәселесі болды. Тұрақты дамудың 17 мақсаты 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-ға қатысушы барлық елдер, 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бойынша Күн тәртібінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қабылдады. Олар кедейлікті жоюға, ғаламшар ресурстарын сақтауға және барлығына теңдік пен амандық қамтамасыз етуге бағытталған. 17 мақсаттардың әрқайсысы 15 жыл ішінде қол жеткізілуі тиіс бірқатар көрсеткіштерді қамтиды.
Форум аясында БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының құрамына кіретін нысаналы көрсеткіштердің тиісті топтарын қозғайтын 5 панельдік сессия өтті: «Адамдар», «Әлем», «Өркендеу», «Бейбітшілік», «Әріптестік».
Форумның екінші күнінде Мемлекет басшысының қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбындағы пленарлық отырыс өтті.
«Олар бір жерге шоғырлануы тиіс. Бұл жерде Қазақстанның Азаматтық альянсы жетекші роль атқаруы қажет», – деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Азаматтық альянстың ҮЕҰ нығайту бойынша жұмысын жоғары бағалап, бұл мәселеде Азаматтық альянсының жетекші ролін атап өтті.
«Үкіметке сіздермен бірге 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Елбасы.
Форумға қатысушылар 2020-2025 жылдар аралығындағы азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылады. Оны іске асыру кезеңі Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен үйлестірілген.
Бұдан басқа 13 орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен Үкіметтік емес сектордың өкілдері үшін қосарлас салалық сессиялар ұйымдастырылды. Форум аясында әлеуметтік блок (білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі), экономикалық (қаржы министрлігі, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрлігі) министрлерімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының (ішкі істер министрлігі) және басқа да (әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) өкілдерімен кездесулер өтті.
Форум соңында ҮЕҰ үшін сыйлықақы (әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ беретін мемлекеттік сыйлықақы) және «Таным» сыйлықақысын (елдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан ҮЕҰ, бизнес, мемлекеттік органдар үшін қоғамдық сыйлықақы) салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.