Еуропалық одақтың штаб-пәтері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Брюссельге сапары 2019 жылдың басында өтеді деп хабарлады.
Бұл туралы Еуропарламент депутаты Ивета Григуле-Петерсе мәлімдеді.
1 қарашада Ташкентте “Өзбекстан-ЕО” парламенттік әріптестігінің 14-отырысы қтті. Еуропалық делегацияны Ивета Григуле-Петерсе бастап келді.
“Брюссель сіздердің президенттеріңізді келесі жылдың басында күтеді”, – деді ол.
Ивета Григуле-Петерсенің хабарлауынша, ЕО Өзбекстан президентінің Францияға 8-9 қазандағы сапарын мұқият бақылады.