Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ол қызқұмар-тұғын…”. Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы шындықты айтты

189

Назеркенің өлімінен кейін ата-анасының алдына барып, кешірім сұраса да күдіктінің анасы өзін кешіре алар емес. Айтуынша үйдің кенжесі 18 жасынан бастап өзінен-өзі қыздарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған. Назеркені өлтірді деп ұсталған азамат осы уақытта дейін 4 рет бейтаныс қыздарды соққыға жықса оның соңғысы өліммен аяқталып,11 жылға сотталған.

https://kaz.365info.kz/nazerke-arip-khajda-zhogaldy-275327

 

Балам соңғы рет сотталғанда судьядан бастап, прокурорға дейін  мәселе оның жүйке жүйесімен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдедім. Бірақ менің жанайқайыма ешкім мән бермеді. Медициналық сараптама қалай жасалғанын білмеймін. Ешкім мәселені терең түсінбеді.

Күдіктінің анасы баласының қоғамға қауіпті екенін мойындайды. Бұндай қайғылы жағдайды қас жауыма да тілемеймін дейді. Алайда қылмыстың алдын алу үшін, тиісті органдар тиянақты жұмыс істеу керек еді деген ойда.

Осыған дейін фэйзбук қолданушысы Александр Цой өзінің жеке парақшасында Назеркенің қазасына қатысты жазған жазбасында «Енді Назеркенің өлімі бірнеше рет сотталған қылмыскерді уақытынан бұрын босатқандардың ар-ұятында» – деп жазса, қоғам қайреткері Мұрат Әбенов «Назеркенің өліміне парақор судьялар кінәлі» деп өз парақшасында жазба қалдырған еді.

Ал заң ғылымдарының докторы, профессор Орынбасар Тілепбергеннің пікірінше күдіктінің екі рет істі болып, үшінші рет адам өлтіріп сотталып, содан кейін де уақытынан бұрын бостандыққа шығуы заңнын солқылдақтығынан.

https://kaz.365info.kz/nazerke-aripti-oltirdi-degen-kydikti-byryn-ysh-ret-sottalgan-bolyp-shykhty-284152

 

“Бұл қылмыстық кодекстің дұрыс еместігі біріншіден. Екіншіден пробациялық соттық бақылаудың әлсіздігі. Үшіншіден қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеп сараламаудың салдары. Төртіншіден сот медициналық-психиатриялық сараптамалардың дұрыс жүргізілмеуі”,  дейді заңгер Орынбасар Тілепберген.

Заңгердің сөзінше қылмыстық кодекстегі осы олқылықтар түзелмейінше азаматтардың қайта қылмыс жасамайтынына ешкім кепіл бола алмайды.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз