Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Назарбаевтың айтқаны келді…”. Мешімбаева нені мойындағысы келмейді?

Өзің өсірген, өсуге мүмкіндік берген жастар өз өмірін өздері бүлдіргенін көріп өкінесің.

Коррупцияға қарсы күрес жүруде.

Туыс-туған, дос-жаран, балаларыма ескертемін – заңның алдында барлық адам бірдей.

Министр де, әкім де құтылмайды. Өзгесін айтпағанның өзінде…».

https://kaz.365info.kz/bari-zhygirip-ketti-nazarbaev-altynaj-zhorabaevanyn-kholyn-aldy-video-293531

Назарбаевтың осылай дегені бар. Есімізде. Министрді де, әкім-қараны да, тіпті, туысқанын да егер ол жемқорлықпен жұғысқан болса – жазалаймын деген.

Диалог

Назарбаев: “Ақшаның қайда жұмсалып жатқанын бақылап отырсыңдар ма?”

Ермегияев: “Иә, иә. Бақылау бар. Бақылап отырмыз сол…”

Назарбаев: «Саған айтарым, ақшаның қайда кеткенін қадағалайтын комиссия құр. Сендерді кейін жауапқа тартпас үшін. Мен дәл солай болғанын қаламаймын…».

Талғаттың тұтыларын Назарбаевтың іші сезген. ЭКСПО-ны басқаруды сеніп тапсырған Ермегияевты сақтандырған түрі еді. Шараға бөлінген 500 млрд теңгені ұқыпты ұстауды тапсырған еді Елбасы. Тыңдаған жоқ. Тонады! Сыбайластармен бірге 10 миллиард 200 миллион теңгені “жұтып” жіберген ол.

Сол Талғат айтып еді:

“Ақшаның бәрі ЭКСПО-ға кетіп жатыр деген дұрыс емес. Мұның барлығы қайтатын ақша…” деп. Қайтты ма, қайтпады ма, хабарсызбыз.

Күні кеше Статистика агенттігінің экс-төрайымы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты. Ол да сол. Ермегияевтың сыңары. Екеуі қатты ұқсас. 700 млн теңге Мешімбаеваның жемсауында кетті. Ол да өз кінәсін мойындамайды. Өзін сүттен ақ, судан таза санайды.

https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

Оның алдында “Қазақстан инжиниринг” басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 10 жылға сотталғалы отырған жерінен 2 млрд теңге айыппұлмен бостандыққа шықты.

Осы арада «Сұлтанбеков мұншама ақшаны қайдан тапты?» деген сауал туындайды.

Абақтыдан шығу үшін айыппұл ретінде төленген бұл ақшаны Сұлтанбековтың маңдай терімен тапқанына кім сенеді, осы?

Уәде қайда?

Жә, жемқорларды жіпке тізіп отырғамыз жоқ. Айтқымыз келгені, біз тоқтаусыз тоналу үстіндеміз.

Осы уақытқа дейін қанша шенді жемқор атанды? Есіңізде ме? Көп.

Ірісі де, ұсағы да ұсталды. Ұсталмағандары да бар. Ұмыт болғандары, ұмытыла бастағандары да бар.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-korip-otyr-cayasattanushy-2018-zhyldyn-basty-zhanalygyn-ajtty-295862

«Елдің де, Елбасының да көңілінен шықпады», дейді оларды. Кім білген? Белгілісі, Назарбаевтың өзі де олар туралы жақсы пікірде емес. Сенімін ақтамағаны үшін, себебі. «Олар өз өмірін өздері құртты» деді Президент бір сөзінде.

Олар неге сенімнен шығады?

Халықтан бұрын, Елбасының алдында ұятқа қалмауға уәде бергені қайда?

Олар кімнің алдында көбірек ұялуы тиіс? «Ұятқа қалмаймын» деп уәде бергендердің арасында антқа берігі неге аз?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз