Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назарбаев тікелей телекөпір арқылы «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты

Айта кетерлігі, «Tokyo Rope Almaty» компаниясы алдағы уақытта Алматы металл бұйымдары зауыты деп аталатын болады. Компанияның 100 пайыз құрылтайшысы әрі негізін қалаушы Жапонияның «TOKYO ROPE MFG» холдингі саналады.

Зауыт инфрақұрылымдық нысандардың кешенді инженерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету металл жүйелерін, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін болат металл бекіту жүйесін, болат арқандар шығарумен айналысатын болады. Жалпы инестиция көлемі 25 млрд. теңгені құрайды. Жоба 2016-2020 жылдары жүзеге асырылмақ.

Бірінші кезеңде 10 млн., екінші кезеңде 20 млн., ал үшінші кезеңде 40 млн. доллар қаржы құйылады. Зауыт аймағы 5 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта онда учаскені рәсімдеу және негізгі цехтарды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компания толық қуатына көшкеннен кейін жылына 50 млн. доллардың 5 мың тонна металл бұйымдарын, 7 мың тонна болат арқандарын шығарады. 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды.

Зауыт өімдері Орталық Азия, ТМД елдеріне, Сауд Арабиясына, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Үндістан мемлекеттеріне жеткізілетін болады.

«Tokyo Rope Almaty» зауыты әлемде баламасы жоқ жоғары технологиялық металл өнімдерін шығаратын ТМД-дағы бірегей кәсіпорын болмақ. Барлық технологиялық желі мен құрал-жабдықтар Жапонияда шығарылған.

Зауыт жоғары жапондық сапамен Қазақстанда шығарылған – «Made in Kazakhstan» эксклюзивті брендімен өнім шығарады деп жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз