Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті

Назарбаев екі жақты қатынастың одан әрі кеңейіп, бауырластық қарым-қатынасты нығайту қажеттілігін атап өтті.

“Қазір Қырғызстан ел президенті сайлауының алдында тұр. Бұл мемлекет өміріндегі ең маңызды кезең. Қырғызстанның тәуелсіздік алған кезінен бері мен сіздердің барлық президенттеріңізбен жемісті еңбек етуге тырыстым. Алдағы уақытта біз қырғыз халқының сенімін арқалаған жаңадан сайланған президентпен де тиімді қатынас орнатамыз”, — деді Назарбаев.

Президент ең алдымен екі ел халқының бірлігі мен достығына назар аударды.

“Біз бөліп қарайтын ештеңе жоқ. Бауырлас қырғыз халқын біз үнемі қолдаймыз, қазіргі уақытта көмек қолын да ұсынамыз. Бұл көлік-қатынас саласындағы серіктестік пен ЕАЭО аясындағы өзара әрекеттестікке қатысты болып отыр”, — деп атап өтті Президент.

Өз кезегінде, Өмірбек Бабанов қырғыз халқының Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік ұстанымын жоғары бағалап, әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.

Қырғызстанның қазіргі Президенті Алмазбек Атамбаевтың өкілетті мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Конституцияға сәйкес ол екінші рет президенттік сайлауға түсе алмайды.

Кезекті президенттік сайлау 15 қазанда өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз