Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Назарбаев: Біз көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық

Басқосуда “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

“Біз көңіл толқытарлық сәтке көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады.

Бүгінде “ЭКСПО-2017” көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен.

Бұл біз күткендегіден әлдеқайда көп”, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз