Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
11
USD
519
+0.26
EUR
567
-1.37
RUB
6.05
+0.02

Наурызға сыйлық: Қарағанды облысында 389 отбасы баспаналы болды

Саран қаласында 110 отбасы жана пәтер кілтін алды. Олардың ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Бұл пәтерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан сатып алынды.

– Наурыз айында жақсылықпен бөлісу, сыйлықтар жасау әдетке айналған. Мұндай мереке қарсаңында пәтердің кілттерін алғанымыз біз үшін үлкен бақыт -, – дейді Саран қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Саликова Мөлдір.

Жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру алдағы күндері де жалғасады. 19 наурызда Қарағандыда 180 отбасы қоныс тойын тойлап, 20 наурызда Бұқар Жырау ауданының Доскөй кентінде 60 отбасыға пәтер кілті тапсырылады, ал 21 наурызда тағы 24 отбасы Нұра ауданында жаңа тұрғын үй иегері болады.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз