NASA Антрактидада соңғы 16 жылда мұздықтардың қалай ерігені көрсетілген видео жариялады.
Роликте ICESat-2 спутнигінен алынған мәліметтер қолданылады. Онда жерге жиілігі 10 килогерц импульс жіберетін лазерлік биікті өлшейтін аспап пайдаланылған.
2003 жылдан 2019 жылға дейін Антрактиданың батыс жағындағы мұздардың ерігені анықталған. Осы уақыттың аралығында теңіз деңгейі 14 миллиметрге көтерілген. Алайда континенттің шығыс жағындағы мұздықтардың саны артқан.