Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нанға жаңқа қосып жіберген кәсіпкер 50 мың теңге төлейтін болды

133

Баласының денсаулығына алаңдаған Наталья Масальскаяның айтуынша, кәсіпкер жағдай ушықпай тұрып, дереу қарекет еткенде бұл іс сотқа жетпейтін еді.

Сот отырысында “Пасечник” жеке кәсіпкерлігінің өкілі Тана Сүлейменова зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, наубайхананың айыбын мойындады, дегенмен ол тікелей дәлелдердің жоқтығын алға тартты.

Сот үкім шығарған күні Сүлейменованың не өзі, не жеке кәсіпкерліктің өзге қызметкерлері келмеді. Алайда, Наталья Масальскаяның қорғаушысы үкім шығару отырысына кәсіпорынның технолог маманын шақыруды талап еткен болатын.

Арыздың тұтастай қанағаттандырылмаса да, Наталья Масальская сот үкімімен келісетінін білдірді. Оның сөзінше, сот арқылы ақша өндіру басты мақсат емес, діттегені – кәсіпкерліктің жауапсыздығын жария етіп, дәлелдеу.

Айта кету керек, сот үкімімен “Пасечник” жеке кәсіпкерлігі арызданушыға сот шығынын өтеуге міндеттелді. Масальскаяға төленген жалпы сома көлемі – 114 мың теңгеге жуық.

“Сот отырысында айыпталушы тараптың кінәлі екені айтылды. Бастысы, қызымның құқын қорғап қалдым, әрі денсаулығы жақсы”, — дейді арызданушы Наталья Масальская.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз