Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Нөсер жаңбыр салдарынан Астана мен Павлодар арасындағы жол қатынасы үзілді

Аталған жол учаскесінде көліктердің кептелісіне жол бермеу мақсатында, бүгін сағат 14:20 бастап Астана-Павлодар тас жолының 16-шақырымынан 205-шақырымына дейінгі учаскесі жабылды. Астанадан Павлодарға Ерейментау ауданы аумағын айналып, Қарағанды арқылы қатынауға болады, – деді Руслан Иманқұлов.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазір уақытша жолдың төсемін қайта қалпына келтіруге «Юнисерв» компаниясының 25 жұмысшысы мен 20 техникасы жұмылдырылған. Аталмыш учаскеге 2000 текше метр қиыршық тас жеткізілді.

– Сондай-ақ Құмай өзенінде су деңгейі көтеріліп, облыстық маңыздағы Ерейментау-Аршалы жолының 19-шы шақырымындағы көпір қирады. Көпірдің бүлінген аумағы 6 метрді құрайды. Су шайып кеткен учаскенің екі жағынан қауіпсіздік бекеттері қойылды. Аталмыш жолмен қатынас жабылды, – деп атап өтті төтенше жағдайлар өкілі.

Қазір Павлодарға тек Қарағанды арқылы, сондай-ақ пойызбен қатынауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада нөсер жауынның салдарынан Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жер үйлер мен аулаларды, мектеп пен балабақшаның жертөлелерін су басқан болатын. Табиғаттың асау мінезімен алысқан құтқарушылар сегіз мың текше метрден астам су сорды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз