Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев „Сбербанк России„ ААҚ басшысы Герман Грефті қабылдады

Елбасы «Сбербанк» Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудің маңызды екенін атап өтті.

Герман Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді.

– Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда тәуекел менеджементін жетілдіру және соңғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр, – деді Греф.

Ресейдегі беделді қаржы маманы Герман Грефтің Қазақстан тумасы екенін, оның Павлодарда дүниеге келгенін айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз