Қазақстанның ауыл әкімдерін қомақты қаржыны басқаруға үйретпесе, елдегі жемқорлар саны көбейіп кетуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгінгі отырыста мәлім етті деп хабарлады Sputniknews.kz.
“2,5 мың әкімнің қолына бір күн ішінде аяқ астынан 110 миллиард теңге түседі. Бұдан бөлек коммунальдық меншікті басқару қызметі тапсырылғалы тұр. Ал оларды бұған кім оқытып үйретеді? Ешқандай брошюра мен тренингтер, ақпараттық топтар өмірінде мұндай ақшаны, коммуналдық меншікті басқарып көрмеген “байқұс” ауыл әкімін дайындай алмайды”, — деді Нығматулин отырыста.
Мәжіліс спикерінің мәліметінше, әкімдерді бюджеттік үдерістер мен коммуналдық меншікті сауатты басқаруға үйрету керек. … Әйтпесе, ауыл әкімдері бұл жұмысқа дайындықсыз кіріскендіктен, жемқорлыққа қарсы қызметтің “клиентіне” айналуы мүмкін”, — дейді Нығматулин.