25 жастағы Шаймаа Ахмед халық арасында Шима деп танылған әнші жартылай жалаңаш түрде бананмен түскен видеосы үшін қарашада қамауға алынды.
Бұл видео халық арасында наразылық тудырды. Сот оны кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды.
Бейнебаянның режиссері де осы мерзімге қамалды. Шима түсірілім тобынан кешірім сұрады.
«Жағдай дәл осылай ушығады деп ойламаппын» деп жазды ол өзінің Facebook парақшасына. Бірақ біраз уақыттан кейін қайта өшіріп тастады.