Египеттегі 6 қазақстандық студенттен әлі де хабар жоқ. Олардың елге қашан қайтатынын Қазақстанның Египеттегі консулдығы не Сыртқы істер министрлігі хабарламай отыр. Туыстары құзырлы органдардан хабар күтуге мәжбүр.
Ермек, Еламан Жазылханның ағасы:
– Өзімізге ешқандай байланысқа шыққан жоқ, консулдан не болмаса мына жердегі министерстводен, Жайнақовтан пресс-секретарьдан әлі нақты ақпарат алған жоқпыз. Өзіміз хабарласып не істеген жоқпыз. Енді өздері хабарласқанда, өздері ұшқан уақытты, келетін уақытты айтамыз деп, уәде берген. Одан кейін хабар алған жоқпыз.
Дереккөз: “Астана” телеарнасы