Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Мүшекқаптар толып жатыр…”. Астаналық тұрғындар ауладағы жыныстық қатынас жайлы Қасымовқа шағымданды (видео)

298

Ал есірткі саудасын қыздырғандарды ұстау оңай емес. Көбі интернет арқылы жасырын жұмыс істейді дейді министр. Әрі зорлық, адам өлтіру секілді ауыр қылмыстан бастап ұрлық-қарлыққа дейін өршіп тұр. Әсіресе, ұялы телефонды сып еткізіп, көлікті тонап кететіндер көп. Ал мұндай қылмысқа итермелейтін – арақ, дейді Қасымов.

Ішімдік ішіп, заң бұзатындардың көбі ақтөбеліктер екен. Астана да қалыспайды. Бүгін осындай маскүнемдерден мезі болған зейнеткер министрге шағымданды.

“Аулада арақ ішіп қана қоймайды, қыз-жігіттер жыныстық қатынасқа түседі. Мүшеқаптарын жан-жаққа лақтырып кетеді. Учаскелік инспекторлар ештеңеге мән бермейді.Балалар алаңы емес, қоқыс алаңы,” деп шағымданды тұрғындар.

Тұрғындардың сұрағына екі сағатқа жуық жауап берген Қасымов қол астындағыларды жарылқауды да ұмытқан жоқ. Оның айтуынша, елімізде 35 мыңға жуық полицей әркімнің босағасында жүр. Сондықтан енді оларға біртіндеп  пәтерге қажетті ақша үстемақы ретінде төленіп тұрмақ. Оны алдымен тергеушілер мен криминалистер алады екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз