Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мұрынды сабынды сумен тазаламаңыз!” — WhatsApp желісінде тараған ақпарат жалған болып шықты

1780

Халықаралық IFCN фактчекерлер желісі  бұл ақпараттың қаншалықты рас екендігін анықтаған.

Сабынмен жусаң болғаны…

Желіде тараған мәлімет бойынша, бұл тәсілді жас ғалымдарға КСРО-ның бас санитар дәрігері, академик Бургасов Петр айтқан. Академик бұл тәсілді соғыс кезінде жиі пайдаланған. 90 жыл өмір сүріп, аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істесе де, содан бері тұмау емес, тіпті жедел респираторлы аурулар да жанына жуымаған!

Академик ұсынған тәсіл бойынша, егер жұмыста, дүкенде, қоғамдық көлікте ауру жұқтыруы мүмкін адамдармен байланысқаннан кейін кешке үйге келіп қолды сабынмен жуу керек. Кейін сіңбіріп, сабындалған саусақпен мұрынның ішін мұқият тазалау қажет.

Осындай кеңесті Мәскеудің бас терапевті Леонид Лазебник те берген:

«Мен барлығыңызға күнде таңертең және кешке тыныс алу қуысын сабынды сумен тазалауға кеңес беремін. Жұмыстан үйге келген соң қолыңызды жуып, саусағыңызға сабынды көбік жағып, мұрныңызды тазалаңыз. Бұл шараның ешқандай зияны жоқ және күнделікті істеп тұрған жағдайда адам суық тиюмен немесе ЖРА-мен ауырмайтынына 100% кепілдік беремін”, – дейді ол.

Манипуляция, жалған және… шындық

Factcheck.kz порталы анықтағандай, бұл ақпаратқа академик Петр Бургасовтың есімін пайдаланып, мәлімет тарату манипуляцияға жатады. Себебі мұны дәлелдеу де, жоққа шығару да мүмкін емес. Ал 2007 жылы Мәскеудің бас терапевті Леонид Лазебник расымен мұрынды сабынды сумен тазалауға кеңес берген.

2012 жылы Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының бас терапевті, профессор Владимир Тюрин де осыны айтқан. Дегенмен, медицина мамандары мұрынды сумен тазалау вирустың алдын алуға 100% көмектесетініне сенімді емес.

Мұрынның шырышты қабығы – біздің қорғаушымыз. Шаңнан, майда қатты бөліктерден және вирустан қорғайды. Шырышты қабықты бұзу үшін вирусқа уақыт керек (бірнеше сағатқа дейін). Және тазалау вирусты жұқтыруға емес, мұрын қуысына тұрып қалған қауіпті элементтерді шығаруға көмектеседі.

Бұл респираторлық аурулардың алдын алудың (емдеу емес) көне тәсілдерінің бірі. Дегенмен, адамның «ауруды жұқтырып алмасына 100% кепілдік» беруге болмайды.

Мұндай кепілдікті тіпті вирустарға қарсы екпе де бере алмайды.

БІРАҚ! Мұрынды сабынды сумен тазаламаңыз!

Сабынмен қолды жуу керек, себебі, қолымызды бетімізге тигізу арқылы біз инфекция жұқтыра аламыз. Дегенмен, сабынды су (басқа да халықтық тәсілдер, мысалы сарымсақ секілді) мұрынның шырышты қабығын құрғатып жібереді. Яғни, ол мұрынның шырышты қабығын әлсіретіп, зиян келтіруі мүмкін.

Дәрігерлер кез келген дәріханаларда сатылатын арнайы тазалайтын ерітінділерді пайдалануға кеңес береді. Сайттарда көрсетілген нұсқаулық бойынша, оларды қарапайым физраствор немесе ас тұзының ерітіндісімен (100 мл суға 1 грамм тұз) алмастыруға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз