Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Мұратхан Тоқмәди Тараз қаласының сотына жеткізілді

Сот құрамы жарияланды. Ешкімнен қарсылық түспеген.

“05.02.2018 Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына М.Ш. Тоқмәдиге қатысты 96-баптың 2 тармағы “ж, з” бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс материалы бойынша, Алматы қаласында қылмыстық әлемнің “беделдісі” және “Депутаттық корпус” ҰҚТ басшысы М.Ш.Тоқмәди “Банк Тұран Алем”АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр. Бұл қылмыстық іс “Төрелік” ақпараттық жүйесімен судьяға қарастыруға үлестірілген. Қылмыстық істі қараудың мерзімі мен күні белгіленбеді”, – деп хабарлайды Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін бизнесменге қатысты қозғалған қылмыстық істің сотқа жолданғаны хабарланған болатын. Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтетіні хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет “Депутаттық корпус” атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты “ҚазШыныҚұрылыс” зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан.

Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз