Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мұнысы несі?”. Зайытов айтпағанды айтты (видео)

277

https://kaz.365info.kz/sondaj-anshi-endi-rinat-zajytov-dimash-turaly-ojyn-ashykh-ajtty-video-303921

Сондай-ақ айтыскер Мұхтар Әблязовтың Германияда, Балтық елдерінде халықтың тұрмысы жақсы деген сөзіне уәж айтты. Ринат Зайытовтың айтуынша, Балтық елдерінде зейнетақы көп болғанымен, жанармай қымбат. Ал Германияда бір отбасы бір стақан суға жуынады екен.

 «Мұхтар Әблязов шындық айтқыш болса, осыларды неге айтпайды», — дейді айтыскер.

Қазақстандағы айтыскерлердің бәрін жеңген Зайытовтың Әблязовпен «айтысы» көпшіліктің бәріне ұнай қоймаған сияқты. facebook.com әлеуметтік желісінде Шекер АЛШЫНБЕКОВА есімді қолданушы: «Музыка, нотаны, дауыс диапазонын ажырата алмай, Димашқа сын айтып еді, абыройсыз болып… Енді Мұхтарға тиіскені, Украинаны айтқаны қай сасқаны?», — деп жазды өз парақшасында.

https://kaz.365info.kz/bajkhashy-rinat-rinat-zajytov-tagy-da-khatty-ajtkhan-eken-video-288742

Айтыскердің саяси әңгімесін талқылаған әлеуметтік желідегі жұрт 2013 жылы жастармен кездесуде айтқан қазіргі Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕКТІҢ сөзін де еске алды. Алманияда білім алған шенеунік:

— Германияда алдымен адамдар ыдысын жуады, кейін сол сумен еден жуады; алдымен балаларын жуындырады, кейін сол суға өздері жуынады. Міне, үнемдеу деп осыны айт, — деген еді.

https://kaz.365info.kz/bayandy-ajtty-ma-rinat-zajytov-kimdi-synap-tastady-video-307613

Дереккөз: Жас Алаш

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз