Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мынау ұят енді! Сарбаздар антты орыс тілінде қабылдайды екен

Бәрін қойшы, сарбаздар антты орыс тілінде қабылдайды екен. Шындығын айталық, әскерге кетіп жатқандардың түгелге жуығы қазақ. Қазақтың балалары. Қазақтілді. Сонда олар да бәріне түсінікті тілде сөйлеу керек пе?

Әлеуметтік желі қолданушысы Гүлжан Қазымова өзінің Facebook`тегі парақшасында бұл орайда көзімен көрген жайтты айтып беріпті. Ол не дейді?

“Кеше Өскемендегі әскери бөлімнің жауынгерлері ант қабылдады деп жатқасын елеңдеп “Атамекен” деген каналдан беріліп жатқан хабарды тыңдай қалып едім…

ҚР Қарулы Күштерінің жас сарбаздары экраннан «шүлдірлеп» қазақ елінің мемлекеттік тілі жоқтай, көрші елдің РФ мемлекеттік тілінде “қазақ еліне адал болам” деп ант қабылдай бастады!

Ресми тілді қолданудың өз орны бар еді ғой?! Мемлекетік тілдің қолдану мәртебесі Ата Заңымызда, Тілдерді дамыту туралы Заңда жазылған. Қазақ елінің жауынгерлерін мінберден ресми тілде құттықтап мәре-сәре болып жатқан әскери бөлімнің лауазымдық тұлғалары сарбаздарға қасиетті антты өздері қорғауға тиіс мемлекеттің мемлекеттік тілінде қабылдатуға неге мүдделі емес?

Әскерге келгендерді ант қабылдау салтанатына дейінгі екі-үш айда қазағына да, орысына да, немісіне де, украинына да жаттатып қоятын уақыт болды ғой!

Антты кім кімге де болса да орыс тілінде оқыту саяси сауатсыздық деп білемін.

Осы мәселеге мүдделі мемлекеттік мекеме ішкі саясат басқармасы, тілдер заңының орындалуын қадағалайтын прокуратура, тілдерді дамыту басқармасы назар аударып, сараптау жасауы керек, әрі талап етемін! Бұл менің қазақ азаматы ретіндегі жеке жанайқайым. Әлеуметтік желіні қадағалайтын ішкі саясат осы мәселеге назар аударады деген сенімдемін!” деп жазыпты Гүлжан Қазымова. 

P.S. Қай жерін қисынсыз айтты? Жоқ, қисынсыз сөйлеген жері жоқ. Дұрыс айтып отыр. Тек автордың дұрыс айтқанын тыңдайтын тиісті органдар бар ма екен?..

maxresdefault-2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз